Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді...

Жаңалықтар

Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді...

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 23.04.2019
Оқылды: 37 Печать страницы
Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді...
Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді...
 
Жас көшет, бұл – жаңа өмір бастауы. 
 
Болашақ ұрпақты өз елінің нағыз патриоттары етіп тәрбиелеуде табиғатты аялаудың, туған жерді құрметтеудің маңызы зор. 
 
Осы орайда орталық саябақтағы кәсіпкерлер аллеясында қала жастары ағаш отырғызды.
 
Игі шараға қала әкімі Бахтияр Өнербаев, қалалық мәслихат хатшысы Николай Калиновский, кәсіпкерлер палатасының директоры Тұрысбек Жұмаділов, Текелі кәсіптік колледжінің директоры Дәуболат Нүсіпов, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Серік Сәбетайұлы және колледж студенттері белсене қатысты.
 
Қала әкімі жастарға салмақты да салиқалы ойларын айтып, осындай іс-шаралардың әрбір адамның өз жеріне адалдықпен, туған жерге сүйіспеншілікпен қарауына, өз ортасын таза ұстауға үйрететінін алға тартты. 
 
Қала жастарының белсенділігін көрсеткен мұндай игі шаралар легі алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.