Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Өнерлі өрендер фестивалі

Жаңалықтар

Өнерлі өрендер фестивалі

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 23.04.2019
Оқылды: 58 Печать страницы
Өнерлі өрендер фестивалі
Өнерлі өрендер фестивалі
 
Текелі қаласының Мәдениет үйінде Балалар шығармашылық орталығы өнерпаздарының қатысуымен "Өнерлі өрендер" фестивалі өтті.
 
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізілген шығармашылық кеште қазақ халқының және орыс халқының ұлттық бұйымдары, қамшы. кестелеп тігілген бұйымдардан көрме және орталық өнерпаздарының есеп беру концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.
 
Ән мен күйге толы кеш қонақтары түрлі түске боялған көрмені қызықтап, бүлдіршіндердің дайындаған номерлерін жоғары бағалап, жақсы әсер алды.
 
Қала әкімі Бахтияр Өнербаев жастардың өнерлеріне тәнті болғанын айтып, жас таланттарымыз болашақта әлемнің сахнасын бағындыратын, еліміздің бетке ұстар азаматтары болуына тілектес екенін жеткізді.
 
Балалар шығармашылығы орталығының директоры Светлана Беиспекова орталықтың тарихы туралы айтып өтіп, фестивальдің маңызына тоқталды.
 
- Біздің орталықтың негізі 2002 жылы қаланды. Қазіргі таңда 3 бағытта (музыка, көркемсурет бөлімдері және үйірмелер) жұмыс жасаймыз. 820 қатысушыға 33 жоғары білікті ұстаздар білім береді.
 
Оқушыларымыздың бір жыл оқуында не үйренгенін көрсету үшін, арнайы ата-аналардың қатысуымен дәстүрлі түрде жылда есеп беру концертімізді ұйымдастырып жүрміз.
 
Осының арқасында балалар бір-біріне қарап үйренеді, әрі қаншалықты білімінің артқанын байқайды.
 
Фестивальдің негізгі мақсаты да осы.
 
Халқымыздың музыкалық шығармашылығына оқушылардың сүйіспеншілігін арттырып, сәндік-қолданбалы қолөнерді насихаттау біздің негізгі бағыттарымыздың бірі, - дейді орталық директоры.
 
Ал оқытушылардың кәсіби шеберліктерін шәкірттерінің облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда алған марапаттарынан көруге болады.
 
Соның ішінде, 36 жасөспірім - халықаралық, 76 - республикалық және 71 оқушы облыстық байқауларда жүлделі орындарды жеңіп алды.