Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Жас ұрпақтың діни ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастырудың маңызы

Жаңалықтар

Жас ұрпақтың діни ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастырудың маңызы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 22.04.2019
Оқылды: 63 Печать страницы
Жас ұрпақтың діни ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастырудың маңызы
Жас ұрпақтың діни ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастырудың маңызы
 
Елбасымыз: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында рухани жаңғырудың тура жолына түсіп, сананы өзгертпесек, жетістіктерге жете алмайтынымызды атап өтті. 
 
Ұлттық дәстүрімізді сақтап, жылтыраған жалған сенімдерге бой алдырмай даму келер ұрпақ үшін орасан зор мұра екендігін айқын көрсетті.
 
Егер жаңғыру елдің ұлттық, рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайтыны анық. 
 
Жастар жүрегі патриоттық сезімге толы болмаса, туған жеріне деген құрмет, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімі қалыптаспаса, ұлттық рухани болмысын сақтай алмаса, ел болашағына қауіп төнеді деген болатын.
 
Жастардың теріс пиғылдағы жат діни ағымдардың жетегінде кетуі – бүгінгі қоғамымыздағы басты дерттердің бірі. 
 
Оның негізгі себебі: дәстүрлі діні, мәдениеті, тарихы және салт-дәстүрлері жайлы жеткілікті білімдерінің болмауы. 
 
Харизматикалық қасиеттерге ие теріс діни ағым насихаттаушысы діннен аз хабардар адамды оңай таниды және оны өз қарамағына тартып алады.
 
Жат ағымның жетегінде кетіп адасып жүргендерді бүгінде жоқ дей алмайсыз. 
 
Мұндай келеңсіз жәйт әр аймақта, әр өңірде бар. 
 
Осындай оспадарсыздықтардың орын алмауы үшін салдарымен емес, себебімен күрескен әлдеқайда тиімді. 
 
Сол себептен де бүгінде жастарды теріс әдеттерден сақтандыру қажет.
 
Жастарды айрықша қызықтыратын амалдарды тегін өткізетін топтардың кейбір әрекет-терінен бойын аулақ ұстау, түрлі діни ағымдарға төтеп беру үшін ата-аналар мен ұстаздар балаларымен жиі сұхбаттасып, қарсы тұратын иммунитет қалыптастыру керек.
 
Жаныңыздағы жақын туыстарыңыз да, балаларыңыздың бойында қандай өзгерістер болып жатқандығына мұқият қарауыңыз қажет. Егер ата-ана баласының жүріс-тұрысында жөнсіз іс-әрекеттерді байқап жатса, бала тұйықталып, оның әдеттегі өмірі өзгере бастаса, әрдайым белсенді болатын, секция, үйірмелереге т.б. қатысатын бала табан астында жаңа қызығушылықтарды иеленіп, жаңа достары пайда болып жатса, түрлі себептермен өзінің үйреншікті ортасымен аз араласуға тырысса, бұл – дабыл қағатын белгі.
 
Өкінішке орай, көпшілік ата-аналар материалдық игілік-тердің соңынан қуып, рухани құндылықтарды ұмытып жатады.
 
Бірақ тұлғаның адамгершілік негіздері отбасында қалыптаспайды ма? 
 
Ата-бабасының дәстүрлі дініне, ана тіліне, салт-дәстүріне, тарихына деген құрмет пен махаббатты отбасында жасөспірімнің бойына сіңіру керек. 
 
Балалар жастайынан шынайы діннің тек жақсылыққа, қайырымдылыққа, бір-біріне мейірімді болуға, тек жарқын амалдарды жасауға үндейтіндігін білулері керек.
 
Міне, осындай рухани бай адамды тура жолдан тайдыру мүмкін емес. 
 
Ол бір тамырын тереңге жайған зор ағаш іспетті.
 
Ғасырлар бойы берік қалып-тасқан тәлімдік маңызы зор ұлттық салт-дәстүрді, рухани құндылықтарымызды ұлықтау, ұлттық биік сананы қалыптастыру жолында жастарымызды жат ағымдағы идеологиядан аулақ болу үшін жастар арасында бүгінгі таңда мемлекеттік саясат бағдарламасы бойынша теріс пиғылдағы діни ағымдардың алдын алу шаралары, теріс діни идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру үшін жастармен терең мағыналы іс-шаралар өткізіледі.
 
Осы орайда, өтіп жатқан кездесулер мен семинарлар және лекцияларда т.б. ауқымды іс-шараларда жастарға теріс діни ағымдардың зияндылығы түсіндіріліп, арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп келеді.
 
Текелі қалалық әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру және теріс діни-саяси ағымдардың экстремистік идеяларынан сақтандыру мақсатында дөңгелек үстелдер, кездесулер, ашық сабақтар өткізілді. 
 
Аталған іс-шараларға Алматы облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы», жоғары оқу орындарының дінтанушы мамандары және мектепте «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің тарих мұғалімдері өз ой-пікірлерімен бөлісіп, идеология саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
 
«…Діннің тұтастығы – қашанда елдің тұтастығы» демекші, діни алауыздық ұлттық алауыздыққа соқтыратыны тарихтан белгілі. 
 
Бұдан түйетін ой, әрбіріміз қастерлі тәуелсіздіктің бағасын біліп, халқымыздың тұтастығына қауіп төндіретін теріс діни ағымдардан аулақ болғанымыз абзал. 
 
Қоғамымызды іштен ірітетін ниеті бұзық сыртқы күштердің арбауына түспей, соған қарсы отансүйгіштік, патриоттық иммунитетімізді шыңдап, аза-маттық борыш биігінен көріну баршамызға ортақ іс.
 
З.Игембаева, қалалық білім бөлімінің басшысы