Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Әлеуметтік жобалар жүйелі жүзеге асады

Жаңалықтар

Әлеуметтік жобалар жүйелі жүзеге асады

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 22.04.2019
Оқылды: 45 Печать страницы
Әлеуметтік жобалар жүйелі жүзеге асады
Әлеуметтік жобалар жүйелі жүзеге асады
 
16 сәуірде әкімдіктің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Текелі қалалық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясы өтті.
 
«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бахтияр Өнербаевтың төрағалығымен өткен конференцияға қалалық мәслихаттың хатшысы Николай Калиновский, сондай-ақ, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, қалалық мәслихат депутаттары, сайланған делегаттар, қалалық атқарушы орган, мекеме басшылары, мемлекеттік емес ұйымдардың, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты.
 
Конференцияда баяндама жасаған партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марғұлан Ботантаев 9 сәуірдегі Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың кезектен тыс президент сайлауының өтетіндігі туралы мәлімдемесінің тарихи маңызына тоқталып, алда келе жатқан президенттік сайлау азаматтық көзқарасымыздың, жауапкершілігіміздің, ауызбіршілік пен берекеміздің сыналар тұсы екеніне баса мән берді. 
 
«Нұр Отан» партиясының төрағасы, Елбасы Н.Назарбаев 2030 жылға дейінгі партия бағдарламасына қатысты нақты жоспарлар дайындауды және «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» жаңа төрт ұлттық жобасының тиімді жүзеге асырылуын нықтап тапсырғанын ерекше атап, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған жобалардың орындалуына партия белсенді атсалысып келе жатқанын жеткізді. 
 
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, «Болашақ» БПҰ төрайымы Ақтолқын Ысқақова «Халыққа көмек» жаңа әлеуметтік жобасының қарқынды түрде жүзеге асырылып жатқанын нақты мысалдармен атап өтті.
 
Конференцияда, сондай-ақ, Алматы облыстық партия филиалының ХХVI кезектен тыс конференциясына делегаттар сайланды.
 
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ