Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Бастауыш партия бағыты – баянды

Жаңалықтар

Бастауыш партия бағыты – баянды

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 15.04.2019
Оқылды: 17 Печать страницы
Бастауыш партия бағыты – баянды
 
«Нұр Отан» партиясы Республикамыздың ірі саяси партиясы болып табылады. 1999 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Отан» партиясы атымен құрылған. 1999 жылғы 12 ақпан айында құрылған партия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуден өтті. Міне осы күн Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы партия қызметінің өз жұмысын бастаған уақыты болып есептеледі.
 
Партия – мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлі әлеуметтік топ-тардың мүддесін білдіру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында олардың саяси еркін білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі болып танылады.
 
1999 жылғы 1 наурызда партияның алғашқы құрылтай съезі өтіп, Қазақстан Республикасының Тұғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партия Төрағасы болып сайланды және Саяси кеңес, Орталық ревизия комис-сиясының құрамы бекітіліп, партия Жарғысы қабылданды.
 
Партия Жарғысы – ұйымдастыру мен қадағалау үшін ерікті түрде партия мүшелері қабылдаған толық ережелер жиынтығы. Партияның негізгі мақсаты – саяси жұмыс әдістерімен азаматтық қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманға бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу.
 
Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясы 1020 396 мүшесін өз қатарына қосты. 
 
Тәуелсіз жылдарда партия ел бірлігінің нығаюына және гүлденуіне зор үлесін қосып келеді. 
 
Еліміздің барлық аумақтарында халқының сеніміне ие болған бастаушы партиялардың бірі, ең бастысы еліміздің әлеуметтік мәселелерін шешуге қатысу, саяси тұрақтылығын қамтама-сыз ету негізгі бағыттарының бірі және Қазақстанымыздың қарқынды дамуының басты шарты, бұл – тұрақтылық.
 
Нұр Отан партиясының Текелі филиалы 1999 жылдың наурыз айында құрылған. 
 
Жаңа құрылған партияның бірінші орынбасары В.Я.Сковернюк тағайындалған, ал бүгінгі күні қалалық филиалда 10 бастауыш партия ұйымдары, 2151 партия мүшелерінен тұратын 17 партиялық топ тіркелген.
 
Қоғамдық қабылдаулар өздерінің жұмыстарын бастауыш партия ұйымдарда жүргізеді. 
 
Текелі филиалында да қоғамдық қабылдау кестесі құрылған. Осы кесте бойынша 12 ай бойы барлық қабылдаулар уақтылы және нәтижелі өткізілді.
 
Сонымен қатар, әр түрлі форматта шығу қабыл-дауларын, тақырыптық қабылдауларды да жүзеге асырып отырады. 
 
Облыстық мәслихат депутаттары және Текелі қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме басшылары да қабылдаулар жүргізеді.
 
Қоғамдық қабылдауларға көбінесе зейнет жасындағы азаматтар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жұмыссыз азаматтар және көп балалы отбасылар тағы басқалары да жүгініп жатады.
 
Бәрімізге белгілі, партия төрағасының саясаттық кеңесінде берілген тапсырмасы негізінде 2017 жылғы 03 қарашада партияның 20 жобасы бекітілді, оның ішінде «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Сәтті қадам» жобаларын ерекше атап өтуге болады. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Ұлы Отан соғысының екі ардагеріне және тыл ардагерлеріне көмек көрсетілді.
 
Сонымен қатар партия Текелі қалалық ауруханасымен және қала жастарымен бірлесе қарт адамдарға медициналық тексерулер жүргізіп, үйлерін жиыстыруға, аулаларын тазалауға және әлеуметтік мәселелерін шешуге қолдаулар көрсетеді.
 
«Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында қалалық әкімшілікте және партия филиалында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қайы-рымдылық науқандары да өткізіліп тұрады.
 
Еліміздің жетекші партиясы жиырма жылдың бедерінде үлкен жолдан өтті. 
 
Бүгінгі таңда ұстанған бағытымыз – оң, өміріміз жарқын, осы жарқын өміріміз келешекте де жалғасын табуы тиіс
 
Ж.жұмаділова, «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Текелі филиалының архивисті