Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Ұлттық кодымыздың негізі

Жаңалықтар

Ұлттық кодымыздың негізі

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 12.04.2019
Оқылды: 25 Печать страницы
Ұлттық кодымыздың негізі
Ұлттық кодымыздың негізі
 
Қалалық №4 орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 7 сынып оқушылары арасында «Латын қарпі менің өмірімде» атты зияткерлік ойыны ұйымдас-тырылды.
 
Оқушыларға латыннегізді қазақ әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы мағлұмат бере отырып, жаңа қазақстандық патриотизмнің құндылықтарын иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеуді мақсат тұтқан игілікті іс-шара брейн-ринг ойыны ретінде өтті.
 
Қатысушы топ мүшелері «Ұшқыр болсаң тауып көр», «Жүйрік болсаң шауып көр», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Постер құрастыру» кезеңдерінде жаңа әліпбиге қатысты сұрақтар қойылып, кириллицамен берілген сөздерді жаңа әліпби әріптерімен жазып, ребус шешіп, берілген тапсырмаларға постер құрастырып, қорғады. Қорытындыда «Жалын» тобы 1-орын, «Жастар» тобы 2-орын иеленіп, грамоталармен марапатталды.
 
Нұржан Махаббатқызы