Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Тіл тазалығы – ел мерейі

Жаңалықтар

Тіл тазалығы – ел мерейі

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 12.04.2019
Оқылды: 22 Печать страницы
Тіл тазалығы – ел мерейі
 
Мемлекеттік тіл – Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады.
 
Демек, мемлекеттік тіл де – мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. 
 
Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп жазылған.
 
Ал орыс тілін –ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған.
 
Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз.
 
Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев өз сөзінде «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. 
 
Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. 
 
Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» деген болатын. 
 
Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген А.Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата заң аясында бақ-берекеміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық.
 
Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. 
 
Отбасы өзіміз де, Отанымыз – Қазақстан! Тіл меңгеруде ата-ананың рөлі ерекше екенін, әр отбасы уыз шағынан балаға қазақ тілін үйретуді қолға алса, бұл тілдің еш қиындығы жоқ.
 
М.Шахановтың сөзімен айтсам, қазіргі таңда өз тілін өгейсіп, «мәңгүрттеніп» жүргендер көп.
 
Шынында қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз жәйт.
 
Бірақ, қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. 
 
Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. 
 
Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде».
 
Ендеше, тілімізді ұлтымыз бен отбасымызды қадірлегендей қадірлейік.
 
Б.Жапарова, Текелі қалалық сотының жетекші маманы