Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Сағындырған әндер-ай...

Жаңалықтар

Сағындырған әндер-ай...

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 11.04.2019
Оқылды: 81 Печать страницы
Сағындырған әндер-ай...
 
Жуырда жастар жылына орай қалалық №2 орта мектебінде қалалық орта мектептердің жалынды, жігерлі жас мамандары арасында «Сағындырған әндер-ай» байқауы өтті.
 
Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен 2019 жыл – Жастар жылы деп жарияланды.
 
Жастар – қоғамның қозғаушы күші, ең белсенді бөлігі, яғни, жарқын болашақ кепілі, ал болашақ бүгіннен басталады. 
 
Қазақстанды дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосу біздің қолымызда әрі бізге артылған сенім деп түсінгеніміз абзал.
 
Байқау жастарды туған өлкесінің дәстүрін құрметтеп, ұмыт болып бара жатқан мәдени мұраларды қайта жаңғырту, халқымыздың танымал тұлғаларының әндерін насихаттау, жастарға қолдау көрсетіп, тұлға бойындағы шығармашылық деңгейін көтеруді мақсат тұтты. 
 
Жастардың өнерін қалалық білім бөлімінің әдіскері А.Құрманова, кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Тұрсынғалиев, балалар шығармашылық орталығының дәстүрлі ән сыныбының оқытушысы Т.Қадірбектен құрылған қазылар алқасы бағалады.
 
Қорытындыда №4 орта мектебі жүлделі 1-орын, №1 орта мектебі 2-орын, №3 орта мектебі 3-орын иеленді. Ал, байқауға белсене қатысқан №5, №7, №8 орта мектеп жастары алғыс хаттармен марапатталды.
 
Г.Қалипақызы, №2 орта мектебінің мұғалімі