Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Қайырым мен мейірім

Жаңалықтар

Қайырым мен мейірім

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 12.03.2019
Оқылды: 65 Печать страницы
Қайырым мен мейірім
Қайырым мен мейірім
 
Алғыс айту күніне орай Рудничный ауылындағы №7 орта мектебінде жоспарға сәйкес апталық ұйымдастырылып, танымды іс-шаралар атқарылды.
 
1наурыз – алғыс айту күніне орайластырылған апталық негізінде салтанатты жиын өтті.
 
Шара барысында мектептің еңбек сіңірген ұстаздары мен ата-аналарына мектеп оқушылары құттықтау тілектерін білдіріп, өздерінің жасаған сыйлықтарын ұсынды. 
 
1-11 сынып оқушыларына «Алғыс білдіремін» тақырыбында өткен тәрбие сағаттарының тәлімдік мәні зор болды. 
 
5-9 сыныптар арасында өткізілген шығарма жазу байқауында Қ.Тілеуберді мен А.Патқолда 1-орын иеленсе, 1-4 сыныптар арасында қолға алынған «Ата-анам – алтын тұғырым» атты суреттер көрмесіне балалар белсене қатысты. 5-11 сыныптар арасында «Алғыс айту – парызым» тақырыбында қабырға газет байқауы тың жобаларды жарыққа шығарды.
 
Т.Аталыкова, №7 орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы