Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Ел сенімін еселеген Елбасы тапсырмасы

Жаңалықтар

Ел сенімін еселеген Елбасы тапсырмасы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 12.03.2019
Оқылды: 23 Печать страницы
Ел сенімін еселеген Елбасы тапсырмасы
Ел сенімін еселеген Елбасы тапсырмасы
 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында айтылған басым бағыттарды және «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінде Елбасының халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру бойынша берген нақты тапсырмаларын орындау тетіктерін халыққа жан-жақты түсіндіру мақсатында апта басында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бірғаным Әйтімова, Бақытжан Жұмағұлов, Динар Нүкетаева және Нұрлан Қылышбаев қаламызда болды.
 
Экономикалық дамуға соны серпін беру және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы барлық іс-шаралардың тез әрі барынша қолайлы жолмен орындалуын қадағалап, елдің көңілін серпілтіп, сенімін бекіте түскен Елбасы тапсырмаларын жүзеге асырудың заңдық негіздерін халыққа жеткізе келген Сенат депутаттарын қала әкімі Бахтияр Өнербаев ыстық ықыласпен қарсы алып, қаламыздың бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырды.
 
Депутаттар алдымен қаладағы бірқатар іргелі кәсіпорындарды – шойын зауытын, жылыжайды, қалалық аурухананы, балалар мен жасөспірімдерге арналған туристік және өлкетану орталығын аралап көрді. «Металлург» шағынауданындағы магистральді жылу жүйелерін қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. 
 
Сондай-ақ, қаламызда бой көтеретін Орталық Азия Университетінің оқу бағдарламасына, құрылыс жобасына қанығып, халықаралық университеттің құрылысын бастау бойынша түйіндерді шешуге атсалысатындықтарын жеткізді.
 
Осыдан соң қалалық әкімдіктің мәжіліс залында қала активімен кездесу өтті. 
 
Оған көпбалалы аналар, әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелері, мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.
 
Алдымен сөз алған қала әкімі Б.Өнербаев бұған дейін атқарылған жұмыстар мен алдағы міндет, мақсаттарға тоқталды. 
 
Тұтас қаланың экономикалық, әлеуметтік әлеуетін, халықтың денсаулығы мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстардың барысын, қаладағы көпбалалы, аз қамтылған отбасыларының, мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін оңтайлы шешудің жолдарын жан-жақты қаузады. Соның ішінде, көпбалалы аналарды баспанамен қамту, қаланың экологиялық жағдайын жақсарту бойынша жобаларға депуттардың назарын аудырды.
 
Сенат депутаты Б.Әйтімова Елбасының Үкіметке жүктеген тапсырмаларын заңдық негізде іске асырудың барысына егжей-тегжейлі тоқталды. 
 
Атап айтқанда, кедейлік шегі бұрын 14 849 теңге болса, енді 20 789 теңгеге арттырылып, барлық қаржылық көмектер осы шек негізінде есептелетін болады. 
 
Бұған дейін еліміз бойынша атаулы әлеуметтік көмекті 570 мың адам алып келген болса, Елбасының тапсырмасы бойынша енді көбейтілген әлеуметтік көмекті 830 мыңнан астам адам алатын болады. 1 шілдеден бастап, көпбалалы отбасындағы әрбір балаға төленетін жәрдемақы

21 мың теңге көлеміне ұл-ғайтылады және әр бала 18 жасқа келгенге дейін, егер ол студент болса 23 жасқа дейін төленеді. Сонымен бірге, отбасының ересек мүшелеріне де табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық негізіндегі жәрдемақылар сақталады.
 
Бұған дейін атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін азаматтар 8 түрлі құжат жинап келген болса, 1 шілдеден бастап тек жеке куәлік болса жеткілікті.
 
Алдағы уақытта жеделдетілген түрде әрбір отбасының әлеуметтік картасы жасалып, осы негізде көрсетілетін әлеуметтік көмектер мен қолдау шараларының бірыңғай пакеті жасақталатын болады. 
 
Онда көпбалалы, аз қамтылған отбасы мүшелері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік көмектер – мектептің 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту, балалар мен аналар қоғамдық көліктерде жеңілдетілген бағамен жүру, балаларды бірыңғай мектеп киімі, оқулықтар және оқу құралдарымен тегін қамту, балабақшаларға балаларды кезекке қоюда басымдаққа ие болу, балалар лагерьлерінде тегін демалу, коммуналдық төлемдерге көмектесу және отын, көмірмен қамту, жылу, су, электр энергиясы, газ есептеуіш құралдарын тегін орнату, жұмысқа орналас-тыру, қайта кәсіптік оқыту, отбасылық бизнеспен айналысуы үшін гранттар немесе жеңілдетілген несиелер беру, тұрғын үй жинақ банкі жүйесі негізінде тұрғын үймен қамту, осы мақсатта бір реттік әлеуметтік көмек беру, міне, осындай көптеген игіліктер қамтылған.
 
Қиындай түскен қазіргі халықаралық экономикалық жағдай тұсында халықтың әл-ауқатын жақсартуды алдыңғы қатарға шығарып, барлық мүмкіндіктерді елдің игілігіне бағыттаған Елбасының шешіміне халық дән ризашылықтарын жеткізді. 
 
Әсіресе, көпбалалы аналар қуанышқа бөленді. 
 
Елдің көтеріле түскен көңіл күйі жарыссөзге шыққан көпбалалы ана Мөлдір Ержанқызы, №8 орта мектебінің директоры Жанар Жаакпекова, екінші топтағы мүгедек Марат Тілеуқабылов, қалалық мәслихат депутаты Константин Нестеров, «Болашақ» БПҰ төрайымы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ақтолқын Ысқақова, №7 орта мектебінің мұғалімі, жас маман Гүлби Айтқазинаның сөздерінен айқын аңғарылды.
 
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ