Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Әз ананың ақ тілегі

Жаңалықтар

Әз ананың ақ тілегі

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 11.03.2019
Оқылды: 65 Печать страницы
Әз ананың ақ тілегі
Әз ананың ақ тілегі
 
8 наурыз – аналар мерекесі қарсаңында қала әкімі Бахтияр Өнербаев қаламыздың тұрғыны 104 жасқа келген Кәлтен Кездікбайқызын мерекемен құттықтап, ғасырдан асқан апамызға мол денсаулық тіледі. Қамзол кигізіп, иығына ақ жаулық жауып, сый-құрмет көрсетті.
 
1915 жылы 10 шілдеде өмірге келген Кәлтен апа – 6 баласынан 30 немере, 80 шөбере, 24 шөпшек сүйіп отырған аяулы ана, асыл әже.
 
Көзі өткір, ойы өрісті, санасы сергек апамыз елімізде, сондай-ақ, қаламызда болып жатқан жаңалықтарды қалт жібермей қадағалап отырады.
 
«Қазақтың болашағы – Қазақ Елінде. Болашағымызды бекемдеп жатқан Елбасы аман болсын!
 
Елдің игілігі жолында еңбек етіп жүрген азаматтарымыз ақылды да арынды болсын!», – деп ақ батасын берді.
 
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ