Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі

Жаңалықтар

Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 11.02.2019
Оқылды: 187 Печать страницы
Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі
Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі
 
«Нұр Отан» партиясы Текелі қалалық филиалының кезектен тыс ХХV конференциясында еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсу жолындағы «Нұр Отан» партиясының рөліне маңыз беріліп, партияның 2030 жылға дейінгі бағдарлама жобасының басым бағыттары талқыланды.
 
«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бахтияр Өнербаевтың төрағалығымен өткен конференция жұмысына бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, қалалық мәслихат депутаттары, сайланған делегаттар, мекеме басшылары және қоғамдық ұйым өкілдері, жас мамандар қатысты.
 
«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы.
 
Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі» тақырыбында өткен конференцияда Алматы облыстық мәслихат депутаты, облыстық саяси кеңес мүшесі Ермек Келемсейіт, қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марғұлан Ботантаев, №5 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Рамазан және №8 орта мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәуле Уазбекова сөз сөйлеп, бүгінде елімізде үлкен күшке айналған партияның қоғамдық өмірдің барлық саласындағы бастаушы рөлі, түйінді мәселелерге қоғам назарын аударып, дер кезінде шешім табуына атсалысып келе жатқан белсенділігі, әсіресе, көп мүддесіне аса залалды жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы табанды ұстанымы жайында нақты мысалдарды алға тартып партияның халық алдындағы беделі мен сенімін одан ары нығайтудың өзектілігіне маңыз берді.
 
Әсіресе, «Нұр Отан» партиясының қалыптасып, даму, кемелдену кезеңдеріне көпшілік назарын аударған Е.Келемсейіт бүгінде көптің көкейіндегісін дөп басып, халықтық істердің басы-қасынан табылып жүрген партияның кез келген мәселені заңмен, адамгершілік қағидалармен шешетін өркениетті қоғам құру жолындағы аса ықпалды күшке айнала алуындағы себептерге тоқталды.
 
Айталық партия ұсынған «Кедергісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесіне тұтас қоғамның ізгілікті көзқарасын қалыптастыра алды.
 
Бүгінде әлеуметтік нысандардың барлығында дерлік мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін жүріп-тұруына қолайлы шарт-жағдайлар әзірленуде.
 
Мұндай, игі бастамалар аз емес. Демек, партия нағыз халықшыл, елшілдігімен көптің қолдауын тауып келеді.
 
Бұл өте маңызды. Көпшілік партияның елді өркендету жолындағы көшбасшылығына сенім білдірді.
 
Жиында сондай-ақ, Алматы облыстық партия филиалының кезектен тыс ХХV конференциясына қаламыздан қатысатын делегаттар сайланды.