Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Ағаштың тамыры жерге, саясы елге нәр

Жаңалықтар

Ағаштың тамыры жерге, саясы елге нәр

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 08.02.2019
Оқылды: 39 Печать страницы
Ағаштың тамыры жерге, саясы елге нәр
Ағаштың тамыры жерге, саясы елге нәр
 
«Жастар жылының» басталуына арналған қалалық форумда қала әкімі Бахтияр Өнербаев жастарды ағаш егіп, туған қаламыздың көркем де экологиясы таза ортасын қалыптастыруға шақырған болатын.
 
Осы мақсатта Қонаев көшесінің бойына 50 түп қарағай егілді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен «Жастар жылының» басталу салтанатында сөйлеген сөзінде: «Жастардың күш-жігерін жасампаздық пен өз мүмкіндігін жүзеге асыру арнасына бағыттаған маңызды.
 
Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл-дығына қарай «Жасыл Ел» қозғалысының базасында «Жасыл қала – жасыл ауыл» жалпы-ұлттық жобасын іске қосу қажет. 20 жылда Астананың айналасында қолмен отырғызылған орман пайда болды.
 
Бұл – 80 мың гектар жасыл екпелер, соның нәтижесінде қаланың іші экологиялық жағынан тазара түсті.
 
Астананың үлгісі бойынша бүкіл өңірдегі елді мекендердің жасыл экожүйесін дамыту қажет»,– деп елі-міздің болашағына қатысты осынау ауқымды игі іске жастарымызды белсенді атса-лысуға шақырған болатын.
 
Осы мақсатта ұйымдастырылған ағаш егуге «Нұр Отан» партиясының мүшелері, «Жас Отан» ЖҚ, қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, колледж студенттері қатысты.