Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Таулы аймақта сақ болыңыз

Жаңалықтар

Таулы аймақта сақ болыңыз

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 08.02.2019
Оқылды: 92 Печать страницы
Таулы аймақта сақ болыңыз
 
Қар көшкіні – тау беткейлерінің қар жамылғысымен толық жабылып, қар қабатының температура әсерінен тығыздығы артып, қар қайтадан кристалданып, ішінде қиыршық горизонттың пайда болуынан қар массасының тау бет-кейімен төмен қарай жылдам қозғалуы.
 
Алатаудың солтүстік және солтүстік-батыс беткейлерінде (Көксу, Қора, Текелі өзені алқаптарында) қар көшкіні қаупі жоғары 39 ошақ тіркелген.
 
Оның ішінде 9 потенциалды қауіпті ошақ, 10-нан астам әртүрлі объектілер, 20-ға жуық жергілікті тұрғындарға және маңызды автожолға қауіпті саналады.
 
Текелі қаласы аумағында, қар көп жауатын, қолайлы геморфологиялық және топырақты-ботаникалық жағдайлары бар Алатаудың солтүстік және солтүстік-батыс жоталарында ірілі-ұсақты қар көшкіні болып тұрады.
 
20-60 градустық құлама тау беткейлерінде, қар жаңа жауған және ауа райы құбылмалы болып, циклондық, антициклондық құбылыс кезінде көшкін болудың ықтималдығы жоғарылайды.
 
Сирек қайталанатын көшкіннің кө-лемі 1 млн текше метрге қозғалысының ең үлкен жылдамдығы секундына 100 метрге дейін жетеді.
 
Барлық көшкіндердің 50℅-ға жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне тікелей қауіп төндіреді.
 
Тауда және тауға жақын елді мекенде кез келген адам қыс мезгіліндегі таудағы қауіптерді, сақтандыру шараларын білуге міндетті.
 
Адамдар қыстың суық мезгілінде тауда жүрудің қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұстанып, қар көшкіні қауіпті аймақтарға қыс мезгілінде мүлдем саяхаттамаған абзал.
 
Ал альпинистер мен тауға шығуды әдет қылған турис-тер бұған жыл бойы әзір болуға тиіс.
 
Тау әуесқойлары тап келетін барлық бақытсыз оқиғалардың 25℅-ға жуығы көшкіннің еншісінде.
 
Ол әдетте бағыт пен қозғалыс уақытын дұрыс таңдай алмаудан, көшкін қаупі бар беткейлерге тәуекелшілдік етуден, көшкіннің пайда болу табиғаты туралы білмеуден, тәртіп бұзудан болады.
 
Тауға шығарда қауіпті қар көшкіні болатын картамен танысып, мамандармен ақылдасу, бұқаралық ақпарат құралдарынан таудағы жағдайларды үнемі бақылап отыру ерек.
 
Тауда болған кезде бірден тік құздарға шықпаңыз, тек қана тапталған жолмен жүру керек.
 
Сонымен қатар, қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен жабайы хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн (тауешкілері қар көшкінінің ықтималдылығын алдын ала сезіп, қауіпті аймақтан кетеді).
 
Текелі қаласы аумағында қар көшкінінің алдын ала ескертіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақ-сатында Текелі қаласы ТЖБ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қар көшкіні қаупі бар телімдерде 10-нан астам ескерту және ақпараттық қалқандар орналастырылды.
 
Соңғы уақытта қалыптасқан күрделі ауа райына сараптама жасай отырып, көшкін кезеңінің ұзақтығы аталған аймақта қардың барына және жиналу кезеңіне сәйкес болады.
 
Көшкіннің ең белсенді уақыты көктем мезгілі болып саналады, абай болыңыздар.
 
И.ЖайнаҚов, Текелі қаласының ТЖБ аға инженері, а/қ аға лейтенанты