Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Жерлестеріміз жүлделі

Жаңалықтар

Жерлестеріміз жүлделі

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 07.02.2019
Оқылды: 30 Печать страницы
Жерлестеріміз жүлделі
Жерлестеріміз жүлделі
 
Жуырда Талғар қаласында армрестлингтен өткен ашық облыстық чемпионаттан текелілік өрендер жүлделі оралды.
 
Текелі қаласының намысын қорғаған 5 спортшы, атап айтсақ, Әлімбек Ынтымақ 1-орын (70 келі салмақ дәрежесінде), Галина Шуйская 2-орын (60 келі), Рустам Жаакпеков 3-орын (70 келі), Иван Коновалов (70 келі) пен Алексей Забарин (75 келі) 4-орыннан көрінді. Жаттықтырушысы – Галина Шуйская.
 
Барлық жүлдегерлер арнайы медаль және грамоталармен марапатталды.
 
Нұржан Махаббатқызы
 
На скорость и сложность
 
В рамках реализации программы «Рухани жаңғыру» в минувшие выходные в Центре детско-юношеского туризма и краеведения проходил IV городской чемпионат по спортивному скалолазанию.
 
В нем приняло участие 70 спортсменов средних школ №1, 3, 4, 5, 6, 8 и 7 (с. Рудничный).
 
Участников соревнований оценивали по двум критериям:

на скорость прохождения трассы и ее сложность, в разных возрастных категориях.
 
Всех победителей и призеров наградили медалями и дипломами.
 
В общекомандном зачете главный приз – кубок чемпионата завоевала команда «Ұлар» СШ №4. 2 место – «Эльбрус» СШ №6, 3-е – «Вершина» СШ №1.
 
Татьяна КОЗЛОВСКИХ
 
Шаңғыдан қалалық чемпионат өтті
 
Осы аптада қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Металлург» стадионында шаңғы тебуден оқушылар арасында қалалық чемпионат өтті.
 
Жас санатына қарай 2 топ бойынша қыздар және ұлдар арасында өткен жарысқа қала мектептерінде оқитын, 2001-2005 және 2006-2008 жылы туылған оқушылар қатысты.
 
Чемпионаттың ашылуына денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бауыржан Тұғылбаев қатысып, спортшыларға жетістіктер тіледі. ОРМБЖМ шаңғыдан жаттықтырушысы Саят Нұрәділов жарыс ережелерімен таныстырды.
 
Кіші топ бойынша ұлдардан №5 ОМ оқушысы Нұршуақ Салауат, қыздардан №8 ОМ оқушысы Камила Сырлыбаева, үлкен топ бойынша ұлдардан №4 ОМ оқушысы Дамир Әбілқасымов, қыздардан №2 ОМ оқушысы Виктория Алдышова жеңімпаз атанды.
 
Командалық есепте №4 ОМ – 1, №5 ОМ – 2, №2 ОМ 3-орынды иеленді.
 
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ