Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Жалынды жастар жарқылы

Жаңалықтар

Жалынды жастар жарқылы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 07.02.2019
Оқылды: 85 Печать страницы
Жалынды жастар жарқылы

Жалынды жастар жарқылы
 
Сәрсенбіде қалалық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында қала әкімі Бахтияр Өнербаевтың қатысуымен Жастар жылына байланысты жастармен еркін форматта кездесу өтті.
 
Алқалы жиынға әр салада еңбектеніп жүрген табысты жастар, халықаралық жарыстарда топ жарған спортшылар, ең белсенді, талапты, жігерлі жастар қатысты.
 
Жиылған қауымды Жастар жылының басталуымен құттықтаған қала басшысы Б.Өнербаев 2019 жылдың «Жастар жылы» деп аталуының тарихи мәні зор екенін алға тартты. «Мемлекет басшысы Н.Назарбаев атаулы жылдың салтанатты ашылуында бір-қатар ауқымды міндеттерді саралап, «Бұл – мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам», – деп атап өтті.
 
Жігері тасыған, бойында от ойнаған жалынды жастар – еліміздің қозғаушы күші.
 
Батыл, бастамашыл еркін ойларыңыз мемлекетіміз үшін аса қажет.
 
Ертеңіміздің баянды болуы сіздерге тікелей байланысты.
 
Ал, біз жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, толыққанды білім алуына жағдай жасауға, олардың мәртебесін көтеруге үлесімізді қосуға да-йынбыз», – деген қала әкімі Б.Өнербаев қаламызда сапалы білім алуға, шығармашыл тұлға ретінде дамып, мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға, кәсіпкерлікпен айналысып, еңбекке араласуға барлық жағ-дай жасалғанына маңыз берді.
 
Сөз кезегін алған жалынды жас-тар, атап айтсақ, Текелі кәсіптік колледжінің 2-курс студенті, мәдени, спорттық шаралардың белсенді қатысушысы Ә.Рыс-баев, ҚР спорт шеберіне үміткер, шинкиокушинкай каратеден жасөспірімдер арасында Азия және Қазақстан чемпионы Д.Акатаева, қаламыздағы денсаулық сақтау саласындағы үздіктердің бірі, жас дәрігер-хирург Д.Мұқажан, металлургия саласының дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген азамат, «Текелі кенді қайта өңдеу кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас газшысы Ә.Беделбаев, жеке кәсіпкер, өз бастамасымен шағын дәмханасын ашып, кәсі-бін нәсібім деп таныған Ә.Ал-майдар, №8 орта мектебінің оқушысы, облыстық «Дарын» ғылыми жұмыс байқауының әрі облыстық пәндік олимпиадаларының жүлдегері Т.Сұлтанбек баяндамаларын ұсынып, барлық маңызды жобаларда креативтілік танытып, қолдау білдіретіндерін айтып, өз ұсыныс-пікірлерін де ортаға салды.
 
Жастар жылының ресми ашылуында Елбасы берген тапсырмалардың жергілікті жерлерде орындалуы туралы мәселелерді талқылаған қала әкімі Б.Өнербаев осы орайда қаламызда жастардың тың идеялары мен жобаларына бағыт беріп, күш-жігерін біріктіру мен түрлі мәселелер бойынша көмек көрсететін Жастарға қызмет көрсету орталығын ашу жоспарланып отырғанын айтып, жастардың арманына қанат бітірді.
 
Яғни, орталық жастардың білімін шыңдап, бір-бірімен пікір алмасып, тәжірибе бөлісетін әрі демалатын, жан-жақты қолдауға мүмкіндік жасайтын ортақ шаңырақ боларына сенім мол.
 
Сондай-ақ, жылдың соңына дейін арнайы жылдық жұмыс жоспары бекітіліп, «Жас-тар жылына арналған 100 игі іс-шара» жобасы қолға алынбақ.
 
«Жастар – елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы» екенін баса айтқан қала басшысы өскелең ұрпақтың білімді де білікті, өнегелі, ұлтжанды, өз елінің нағыз патриоты болу керектігіне терең үңілді. Атасы мен немересінің сұхбатынан мысалдар келтіре отыра, отбасы құндылықтары, ата-ана мен баланың парызы, имандылық, ақыл-парасат, сабырлылық, көркем мінез туралы адамға салмақты ой саларлық ғибратты әңгімеден сыр шертіп, әдемі әуезді ән орындады.
 
Сөз соңында Алаш арысы М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңімен жастарға мол сенім артатынын жеткізді. Олай болса, жастардың міндеті – сенімге сызат түсірмеу.
 
Нұржан Махаббатқызы
 
Кәсіпкерлік жолы кең
 
Баршаңызды Жастар жылымен құттықтаймын!
 
Біздің мемлекетімізде жастарға барлық мүмкіндік жасалған. «Тәуекел түбі – желқайық» демекші, тәуекелге бел буып, тек алға ұмтылу керек.
 
Мемлекет басшысы «Жастар жылының» салтанатты ашылуында «Біздің жастарымыздың бойында жасампаздық, бастамашылдық, шығармашылық, еңбекқорлық сияқты қасиеттер бар» деп, жастарға сенім артып, кәсіпкерлерге қолдау көрсету бойынша бірқатар міндеттер қойды.
 
Бұл біз үшін – үлкен стимул!
 
Қазақта «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» дейді. Мен де алдыма мақсат қойып, өз нәсібіммен жеке кәсібімді ашып, еңбек етіп жүргеніме 3 жыл болды.
 
Текелі қалалық Кәсіпкерлер палатасында «Бастау-бизнес» жобасы бойынша оқыту курстарынан өтіп, кәсіпкерліктің қырсырын меңгердім.
 
Биыл Текеліден дәмхана ашып, 3 текелілік азаматты жұмыспен қамтып отырмын.
 
Болашақта кәсібімді ары қарай дамытып, асханалар желісі мен үлкен тойхана ашсам деген арманым бар.
 
«Жас келсе іске!» дегендей, еңбегіміздің жемісін көріп, Қазақ елінің лайықты азаматы болу – өз қолымызда. Іскерлікпен елімізді өркендетуге үлесімізді қоса берейік!
 
Әділ Алмайдар, жеке кәсіпкер
 
Жасампаздық бастауы
 
Биыл елімізде Жастар жылының жариялануы ерекше оқиға болды.
 
Бұл – үлкен бастама. Жастарға қамқорлықпен қоса зор сенім жүктейді.
 
Өмірге іңкәр сезіммен қарау, бастамашылдыққа ұмтылу қашанда жастарға тән, жастыққа жарасымды.
 
Жасындай жар-қылдайтын жастық жігердің алмайтын қамалы жоқ.
 
Сондықтан да Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастарды қолдап, ел болашағының ертеңгі тізгінін ұстаушылар ретінде биылғы жылды Жастар жылы деп жариялады.
 
Мен мемлекет қолдауымен Теміртауда «Домна пешінің газшысы» мамандығын меңгердім.
 
Тәуелсіз қазақ еліндегі тұңғыш шойын зауытының құрылысына атсалысқанымды зор мәртебе санаймын.
 
Елбасымызды үлгі тұтып өмір жолымды металлургия саласынан бастағанымды мақтан етемін.
 
Алдыңғы уақытта осы саланың шыңына жетіп, үлкен белестерді бағындырсам деген мақсатым бар.
 
Бұл менің еліміздің металлургия саласының өркендеуіне қосқан үлесім деп білемін.
 
Ұлт көшбасшысының бізге, яғни, жастарға артқан сенімін ақтап, тапсырмаларын тиянақты орындауға шақырамын!
 
Әлішер Беделбаев, «Текелі кенді қайта өңдеу кешені» ЖШС газшысы
 
 
Здоровье – залог успеха
 
Объявление 2019 года Годом молодежи – важный шаг государственной поддержки молодого поколения.
 
Сейчас молодежь имеет возможность бесплатно получить образование, заниматься наукой, одним словом, государство создает все условия для развития и самовыражения личности.
 
Мы все знаем, что для жизненного успеха, прежде всего, необходимо обладать крепким здоровьем, которое является залогом благополучия и профессиональных достижений.
 
Наше государство всегда заботится о здоровье своих граждан.
 
Я на себе чувствую поддержку Елбасы и старшего поколения.
 
По гранту акима Алматинской области закончил Казахстанско-Российский медицинский университет города Алматы.
 
Получив высокое звание врача и приступив к профессиональной деятельности, дал клятву Гиппократа честно исполнять свой врачебный долг.
 
С 2017 года работаю в Текелийской городской больнице врачом-хирургом, тружусь для здоровья населения родного города.
 
У меня, как у молодого специалиста, свои взгляды на жизнь и на будущее.
 
Поставленная мною цель: применять современные инновационные технологии и усовершенствования в области медицины.
 
Данияр Мукажан, врач-хирург
 
У нас одна цель
 
Очень рад, что наш Президент объявил этот год Годом молодежи.

Я задался вопросом «А почему сейчас, в современное время, 2019 год не назван годом цифровизации или нанотехнологий?».
 
И, кажется, я нашел ответ.
 
Этот год назван Годом молодежи, потому что важнейшим капиталом страны являемся мы, новое поколение Казахстана.
 
Нурсултан Абишевич доверяет нам, создает условия для нашего развития, поддерживает нас.

Я горжусь, что учусь в стране, образовательная система которой занимает одну из лидирующих позиций.
 
Для меня и моих друзей очень важно чувствовать себя значимыми, и я считаю, что не только государство должно заботиться о нас, но и мы обязаны вносить свою лепту.
 
Теперь мы должны сказать свое ответное слово, мы не имеем права не оправдать надежды Елбасы.
 
Живя в этом городе, замечаю, что текелийцы стали чаще улыбаться, прогуливаясь по красивой набережной.
 
Я предлагаю выпускникам поддержать заботу Бахтияра Унербаева о Текели и посадить Аллею выпускников.
 
Пусть это будет нашим вкладом в преображение города.

У нас одна цель, есть стремление и желание, а значит – для нас нет ничего невозможного.
 
Тайыр Султанбек, ученик СШ №8
 
Жасыл қала – жасыл ауыл
 
Елбасы Жарлығымен 2019 жыл елімізде Жастар жылы деп жарияланды.
 
Президент жастардың жасампаздығы мен өзін-өзі дамытудың маңыздылығын атап, еліміздің барлық елді мекендерін, қалалар мен ауылдарды көгалдандыруды көздейтін «Жасыл қала – жасыл ауыл» бағдарламасын іске қосуды тапсырды.
 
6 ақпан күні сағат 15.00-де қала жастарын қылқан жапырақты ағаштарды отырғызу іс-шарасына қатысуға шақырамыз.
 
Іс-шара «Суффле-Қазақстан ашытқы зауыты» акционерлік қоғамы ғимаратына қарама-қарсы қалаға кіреберісте өтеді.
 
Қала тұрғындарын акцияға белсене қатысып, барлығыңызды өз үйлеріңіздің аумағына ағаш отырғызуға үндейміз.
 
 
Сенім мені серпілтті
 
Елбасымыздың биылғы жылды Жастар жылы деп жариялауы жас буынды бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай.
 
Біз, Текелі кәсіптік колледжі жастары, аталған бастаманы зор қуанышпен қабылдай отырып, баршаңызды Жастар жылымен шын жүректен құттықтаймыз!
 
Бізге, жас қазақстандықтарға Мемлекет басшысының сенімі мен үміті ерекше күш-жігер береді.
 
Расында да, Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында, басқа да ірі бастамаларында жастар тақырыбы ешқашан ұмыт қалған емес.
 
Соның ішінде жастарға берілетін білімнің сапасы, тәрбиенің дұрыс болуы, жатақханалармен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту – барлығы да жүзеге асырылып келеді.
 
Ұлт көшбасшысы «Жас сарбаз» қозғалысын, студенттер құрылыс отрядтарын жандандыруды айтты.
 
Біздің «Жалын» жас полицей көмекшілері құқықтық тәртіпті қадағалауға атсалысуда. Біз жыл сайын «Жасыл Ел» жасақтарының қатарындамыз.
 
Колледж жастары «Жасыл қала – жасыл ауыл» ұлттық жобасына белсене қатысамыз деп бастама көтереміз.
 
Жастар жылы – жастардың өзін дамытуына үлкен мүмкіндік. Еліміздің барлық жастарына тек сәттілік тілеймін!
 
Әлихан Рысбаев, Текелі кәсіптік колледжінің студенті