Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » ТЕКТІ ҚАЛАНЫҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

Жаңалықтар

ТЕКТІ ҚАЛАНЫҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 11.01.2019
Оқылды: 97 Печать страницы
ТЕКТІ ҚАЛАНЫҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, Тәуелсіздік күні және Жаңа 2019 жылды мерекелеуге арналған қала әкімінің жүлдесі үшін қаладағы ғимараттар мен оған қарасты аумақты ең үздік мерекелік безендіру байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Тәуелсіздік алаңында өткен жиында қала әкімі Бахтияр Өнербаев Елбасының салиқалы саясатының арқасында егемен еліміз қарыштап дамып, жемісті жетістіктерді еңсергенін тілге тиек ете келе, өркендеу жолындағы текеліліктердің де үлесін атап, жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Қалалық Ардагерлер ұйымының төрайымы, ардагер ұстаз Бақыт Ықыласоваға Текелі қаласының «Құрметті азаматы» төсбелгісін тағып, мерейін тасытты. Сондай-ақ, ең үздік мерекелік безендіру байқауының жүлдегерлері марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Жаңа жыл кешінде шырша маңына жиылған Текелі жұртшылығы Аяз ата мен Ақшақардың мерекелік құттықтауын тамашалап, әуезді әсем әнге қосылып, ырғақты би билеп, қуанышқа кенелді. Мерекелік кеш отшашуға ұласты.

Бас жүлде иегері – «Шапағат» арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығы.

Қалада ұйым-дастырылған іс-шараларға белсене атсалысу, орталықтың қызмет алушыларына мерекелік көңіл-күй сыйлауды мақсат тұтқан орталық аумағындағы Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында сөз болған аң стиліне негізделген қазақша жыл санау бойынша  жыл иелерінің бейнесі, көркімен көз тартар түрлі-түсті жарық диодты шамдар шаттыққа бөлесе, «Нұрлы жол» аркасы баянды болашаққа жол сілтеп тұрғандай...

І орын – Текелі кәсіптік колледжі.

Ғимаратының қас-беті мерекеге сай көрнекті плакатпен, шыршалар мен талдары жарық диодты шамдармен әсем безендірілген білім ордасы мемлекетімізде жүргізіліп жатқан маңызды бағдарламаларды, сондай-ақ, Астананың 20 жылдығына орай «Бәйтерек» монументі,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының логотипі, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ай-тылған рухани құндылықтарымызды жастарға насихаттауға маңыз бергені айқын көрініс тапқан. 

ІІ орын – №1 орта мектебі.

Мектептің кіреберісіндегі әсемделіп бейнеленген «Qosh keldińizder» жазуы латын қарпіне негізделген жаңа әліпбиге көшудің жарқын көрінісінің
бірі екені анық.

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында маңыз берілген әдемі қызғалдақтар да алыстан көз тартады.

Ұйымшыл ұжым ғимаратты безендіруде осындай мәнді де мағыналы символдарды қолдана отырып оқушылардың бойына ұлттық рух, жаңа-шылдыққа деген ұмтылыс, сапалы білім мен саналы тәрбие сіңіруді басшылыққа алған.

ІІІ орын – №3 балабақша.

Балдан тәтті балдырғандарға шаттық пен қуаныш сыйлау – парызымыз деп білетін №3 балабақша ұжымы ғимаратқа қарасты аумақты құдды бір
ғажайып ертегі әлеміне шебер айналдыра білген. 

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған аң стиліне негізделген жыл иелерінің сүйкімді сұлбасы көркімен көз тартады.   

Нәзік те жарқыраған әсем жылтырауық шамдар, сүйкімді аққала, ертегі кейіпкерлері, жаңа жылдық шырша, бәрі, бәрі  балалар мен ата-аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда.

Қалалық балалар мен жасөспірімдердің туристік және өл-кетану орталығы асқан нәзіктікпен дамыған елдердің заманауи ғима-раттарына сай,
озық отыз елдің қатарына қосылу  мақсатын басшылыққа ала отыра  безендірілген.

№6 орта мектебінің қас-бетіндегі ұзындығы 7, ені 5 метр болатын «Тәуелсіз Қазақстан» баннері,  қанат жайған қыран бүркіт еліміздің егемендігінің, жарқын болашағының көрінісі іспетті.

№8 орта мектебі жаңа жылдық безендіру арқылы қала тұрғындарына шат-шадыман көңіл-күй сыйлауға маңыз берген.