Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Талдықорғанда Цифрлық ХҚО ашылды

Жаңалықтар

Талдықорғанда Цифрлық ХҚО ашылды

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 27.12.2018
Оқылды: 114 Печать страницы
Талдықорғанда Цифрлық ХҚО ашылды
Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында Цифрлық ХҚО ашылды.Онда мемлекеттік қызметтер толықтай автоматты түрде ұсынылады. Бұл процеске операторлар қатыспайды, тек кеңес беруші мамандар қызмет түрлерін алу бойынша кеңес береді. Келушілер мемлекеттік қызметті қоғамдық қолжетімділік орындары, «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы алып,видеқоңырауға арналған бөлмеде мемлекеттік органдардың басшыларына өз сауалдарын жолдай алады.
 
«Цифрлық сауатты болуды әр адам өзінен бастауы тиіс. Көптеген қызмет түрі электрондық форматқа ауысты, бұл азаматтардың қызметтерді тиімді жолмен әрі тез алуына ықпал етті. Жаңа үлгідегі ХҚО-да халықтың цифрлық сауатын ашу мақсатында тегін оқу сыныбы ұйымдастырылған. Оқу дәрістері аптаның әр күнінде бекітілген тақырыптар бойынша сағат 9:00-ден 20:00 аралығында жүргізіледі. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған оқу сыныбында фронт-офис мамандары азаматтарға egov.kz порталын электрондық цифрлық қолтаңба арқылы пайдалану жолдарын түсіндіріп, мемлекеттік қызметтерге өз бетінше қол жеткізуді үйретеді. Бір сағатты құрайтын сауат ашу курсына кез келген адам қатыса алады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша филиал директоры Ермек Бекжүнісов.
 
Айта кетсек, дәл осындай Цифрлы ХҚО биыл еліміз бойынша Астана,Алматы,Шымкент, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Атырау қалаларында ашылған.
 
Бүгінде 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша филиалы 4 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның 60 пайызы электрондық форматта ұсынылған.
 
 
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Алматы облысыбойынша
PR-менеджері Гүлден Жылкелдиева
тел.: 8 7075751171
e-mail: zhilkeldieva_gulden@mail.ru