Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 15.12.2018
Оқылды: 138 Печать страницы
Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі
Ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні Текелі қаласы жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Тұрғындар жәрмеңке барысында жер мәселесі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру, сәулет саласы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, ветеринария және азаматтардың хал актілерін тіркеу төңірегінде өздерін толғандырып жүрген сауалдары бойынша тиісті сала мамандарының қызметтеріне жүгініп, ақыл-кеңес алды. Жәрмеңкеге келушілердің барлығы сол күні электронды қолтаңба алу мүмкіндігіне ие болды. Жәрмеңкеге қатысқан мемлекеттік мекеме қызметкерлері келушілерді қазіргі кезде электронды жүйе бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерімен таныстырып, электронды қолтаңбаны қолдану тәртібін түсіндірді.
 
Жәрмеңкені ұйымдастырудағы ең басты мақсат қала тұрғындарын электронды мемлекеттік қызмет түрлерімен таныстырып, олардың бұдан былай үйде отырып өздеріне қажетті қызмет түрін пайдалануларына мүмкіндік жасау болатын. Жәрмеңкеге жалпы 14-тен астам жергілікті мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің өкілдері қатысты.
 
 
Ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің бас маманы Д.Сембаев