Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Алматы облысында Көші-қон орталығы ашылды

Жаңалықтар

Алматы облысында Көші-қон орталығы ашылды

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 19.12.2018
Оқылды: 197 Печать страницы
Алматы облысында Көші-қон орталығы ашылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР ІІМ-мен бірлесіп, Алматы облысында Миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығын ашты. Енді осы орталық арқылы еңбек мигранттары қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін «бір терезе» қағидаты бойынша ала алады.

Салтанатты іс-шараға «Азаматтарға арналған үкіметтің» Алматы облыстық филиалының директор орынбасары Ілияс Талғатұлы , облыстық көші-қон қызметінің басшысы Ержан Алтаев және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облыстық  департаменті басшысының орынбасары Жандос Жұмабаев қатысты.

«Орталықтың басты міндеті көші-қон саласындағы қызметтерді  алуды барынша жеңілдету болып табылады. Бұрын мигранттарға еңбек етуге берілетін рұқсат құжаттарын беру мен оны ұзарту үшін 3-5 күндей уақыт кететін еді, енді бұл үрдіс 2 сағат ішінде жүзеге асады.Тағы бір тиімділігін атап өтер болсақ, осы жерде медициналық тексеріс пен дактилоскопиядан өтіп, сақтандыру полисін рәсімдеуге және жеке сәйкестендіру нөмірін алуға болады»,-дейді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Алматы облыстық филиалының директор орынбасары Ілияс Талғатұлы.

Іле ауданы Өтеген батыр ауылы Заманбек Батталханов көшесі №30 мекенжайы бойынша орналасқан ғимараттың бірінші қабатында мемлекеттік корпорацияның фронт-офисі орналасқан болса, екінші қабатында Көші-қон орталығы жұмыс істейді. Таңғы 9.00-ден кешкі 18.30-ға дейін үзіліссіз жұмыс істейтін Миграциялық ХҚО 17 жұмыс орнымен жабдықталған.

Айта кетсек, 2018 жылғы 11 айда Алматы облысында көші-қон бағыты бойынша 325 512 мемлекеттік қызмет ұсынылды.

Бұған дейін еңбек мигранттарына қызмет көрсететін орталықтар Астана, Алматы, Шымкент, Қостанайқалалары мен Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан,Солтүстік Қазақстан облыстарында ашылған болатын.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Алматы облысыбойынша
PR-менеджері Гүлден Жылкелдиева
 тел.: 8 7075751171
e-mail: zhilkeldieva_gulden@mail.ru