Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Жетісудың тур-фирмалары құшағын кеңге жайды

Жаңалықтар

Жетісудың тур-фирмалары құшағын кеңге жайды

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 14.12.2018
Оқылды: 191 Печать страницы
Жетісудың тур-фирмалары құшағын кеңге жайды

Алматы облысы Қазақстандағы туристік ағымның үштен бірін алады. Оның бір көрінісі,  өңірге келетін туристер санының жыл сайын 20-30% - ға артуында.  Облыстың Туризм басқармасы өкілдерінің айтуынша, ағымдағы жылдың қорытындысына сәйкес, аталған салада көрсетілген қызметтердің көлемі 9 миллиард теңгені құраған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 10 миллиард теңгеден асып түседі деп күтілуде. Осыған сәйкес, Жетісулықтар осы нәтижені одан әрі жақсарту үшін әр аймақта В2В форматында кездесулер ұйымдастыруда. Workshop форматындағы кезекті шара Маңғыстау облысында өткен.

Қазіргі таңда Алакөл Қазақстандағы ең танымал туристік орындардың бірі болып табылады. 2014 жылы оған 140 мыңға жуық демалушы келсе, осы маусымында бұл көрсеткіштің саны 10 есеге өсіп, 1 миллион адамды құрады. Алайда, Алматы облысының туризм басқармаса бұл нәтижеге тоқталып қалмай, өңірге  одан да көп туристерді тарту жолдарын қарастырып жатыр. Осы мақсатта, облыс басшылығы Маңғыстау облысында Жетісу табиғатымен киелі нысандарын таныстыратын В2В форматында  «Zhetysu Travel-2018» атты форумын ұйымдастырды.

Аталған, іс-шарада бірқатар жергілікті туристік фирмалары мен Жетісу туристік ұйымдарының өкілдерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойып, өңіраралық туризмді дамыту бойынша бірнеше бағдарламалар таныстырылды.

"Zhetysu travel" – бұл  туризм саласындағы өте маңызды жобалардың бірі. Алматы облысы батыс тұрғындарының көпшілін қызықтырады. Олардың сөзінше, Жетісудың "жер жәннаты" деп аталуы бекер емес.  Осы шарадан кейін Батыс Қазақстаннан келетін туристер ағыны ұлғаяды деп үміттенеміз", - деді Алматы облысы туризм басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Оразбаев. 

Форум,  осымен бесінші мәрте өтуде. Кезекті  іс-шара бұрынғыдай еркін әрі бейресми. Онда әр қатысушы өздерінің демалыс орындарының артықшылығымен мен тиімді жолдарын таныстырып, компания мүмкіндіктерін баян еткен. Болашақта осындай жобаларды бірлесіп дамыту жолдары кеңінен талқаланған кездесуде, Маңғыстаулық тур-операторларды Алматы облысының көптеген демалыс орындары қызықтырған.

"Алматы облысы үлкен және қарқында дамып келе жатқан туристік мекен. Оның демалыс орындарының әр түрлілігі, саф ауасы, көрікті , мөлдір өзендері мен көлдері, осының барлығы бізді өзіне шексіз баурап алып, ғашық етеді. Жетісуға осы форумнан кейін, Маңғыстау облысынан келуші туристер ағыны одан әрі артады деп ойлаймын", - дейді Маңғыстау облысы туризм басқармасының бөлім басшысы Гүлсім Жариева.

Айта кету керек, «Zhetysu Travel-2018» ұйымдастырушылары мұндай кездесу екі  тарапқа жақсы нәтижелер беретініне сенімді. Өйткені, дәл осындай форум, Ресей мен Аспан асты елдерінде де өткізіліп, кейін шетел туристерінің саны үш есеге дейін артқан. 2019 жылы да Жетісуға келер қонақ саны айтарлықтай көбейеді деп жоспарлануда.

Меруерт МАХМҰТЖАН