Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Бүлдіршіндер журналистер үйіне саяхат жасады

Жаңалықтар

Бүлдіршіндер журналистер үйіне саяхат жасады

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 06.12.2018
Оқылды: 31 Печать страницы
Бүлдіршіндер журналистер үйіне саяхат жасады

Аймағымызда келешек ұрпақтың саналы азамат болып жетілуі үшін толымды тірлік жасалып жатыр. Сондай игі бастаманы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі де қолға алып отыр. Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында балалардың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында №28-ші IT мектеп-лицейінің 1 сынып  оқушыларына журналистер үйін таныстыру мақсатында  экскурсия ұйымдастырды. Алтын адам, Барыс, Алма кейіпіне енген кейіпкерлер телетүсірілім алаңың, жаңалық және бағдарлама жүргізушілерімен сондай-ақ режиссер, оператор мамандарының жұмысымен таныстырды.

Бүлдіршіндер көгілдір экранның ар жағындағы өмірмен танысып, көкейлерінде жүрген сұраққа жауап алды. Әсерлі күннен кейін балалардың көбі журналистика саласына қызығушылық танытып, болашақта осы салада еңбек еткісі келетіндерін де жасырмады. Тіпті, бағдарлама сахнасында  тілші боламын деген бүлдіршіндер өз өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Солардың бірі 1 сынып оқушысы Қади Санжар.

Биік боп көздегені,
Бірлік боп іздегені
Халқымның көшбасшысы
Жастарға ол сенеді
Уәдені біз сақтаймыз
Біз жастар құр жатпаймыз
Үмітін елбасының
Шынында біз ақтаймыз

Көзіміздің қарашығындай бүлдіршіндердің болашағын баянды ету, перзенттеріміздің ертеңі үшін еңбек ету бұл барша адамзатқа ортақ парасатты парыз деп білемін. Болашағымыз саналатын балаларымыз спортта да, өнерде де, өмірде де жақсы жетістіктерімен қуантып, аймағымыздың атын шығара берсін, жан-жақты ұрпақ болып өсуі үшін  осындай танымдық саяхат сабағын ұйымдастырдық.  Кейіпкерлерді киіндірудегі мақсатымыз Елбасы  жолдауын бүлдіршіндерге түсінікті әрі қызықты тілмен түсіндіру,-дейді шара ұйымдастырушысы Ж.Сержанқызы.

Айта кету керек,  шара соңында оқушылар 1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай түсірілген мультфильмді тамашалап, сұрақтарға жауап берді.

Балжан Жұманбекова