Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Еңбегім еліме, жетістігім жеріме

Жаңалықтар

Еңбегім еліме, жетістігім жеріме

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 06.12.2018
Оқылды: 29 Печать страницы
Еңбегім еліме, жетістігім жеріме

Талдықорғанда, ағымдағы жылдың 30-шы қараша күні, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Еңбегім еліме, жетістігім жеріме» атты салтанатты жиын өтті. Іс-шараға білім ордасының облыстық, республикалық және әлем цемпиондары өз жетістіктерін баян етті- деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиын, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы жарияланған  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауындағы жария етілген, жастар жылын қолдау маясында ұйымдастырылған.

Кез келген елдің болашағы жаңа заманғы жастардың қолында екені мәлім. Мемлекет пен қоғамның дамуы, болашақтың жарқын болуы үшін жастарды қолдау және ынталандыру аса маңызды. Осы тұрғыда, өз саласының үздіктерін қолдап, жастарды жігерлендіру, шара мақсаты.

Дене шынықтыру және өнер факультетінің деканы Ерлан Утегеновтың айтуынша, мұндай жиын жастарды ынталандырып, шабыт сыйлайды.

«Бүгінгі іс-шараға мектеп оқушылары мен студенттерді шақырып отырмыз. Өнер, спорт, музыка және тағыда басқа салада жетістікке жеткен студенттер, жас өсіпірімдерге шабыт сыйласын деген мақсатпен. Өскелең ұрпақ, осы азаматтардан өздеріне керек ақпаратпен тәжірибені алса екен дейміз»,- дейді ол.

Аталмыш шараға, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР самбодан, дзюдодан, қазақ күресініен спорт шебері Ерболова Гулнұр, Бейнелеу өнері және сызу мамандығының білімгері, ҚР жас суретшілер одағының мүшесі Қасымбекова Мөлдір секілді  жас танаттар өз өнерлерін ортаға салып, жетістікке жету жолдарын айқындап берді.

-«Адам бойында 1 %  талат, қалған 99 1 %  еңбек» дейді ғой. Мен осы сөздің шындығына көзім жетті. Себебі, өзіңдегі өнерді сыртқа жақсы, әдемі және сапалы шығару үшін, өз-өзіңмен тынбас жұмыс керек. Әр қашан ізденіс, жаңашылдыққа ұмтылмаққа қажет, - дейді суретші М.Қасымбекова.

Айта кету керек, алдағы уақытта осы ЖОО-ны қабырғасында, дәл осындай форматтағы шаралары көптеп өткізілмек.