Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » ШОЙЫН ӨНДІРІСІНІҢ ӨРІСІ

Жаңалықтар

ШОЙЫН ӨНДІРІСІНІҢ ӨРІСІ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 25.11.2018
Оқылды: 45 Печать страницы
ШОЙЫН ӨНДІРІСІНІҢ ӨРІСІ

Текелі кенді қайта өңдеу кешенінің базасында салынған жаңа металлургия зауытының бір домна пеші 12 қазанда іске қосылып, алғашқы шойын алынғанда тек зауыт ұжымы ғана емес, қаланың бүкіл тұрғыны қуанғаны анық. Себебі, бұл зауыт Текелінің тынысына тыныс қосып, әлеуметтік, экономикалық әлеуетті нығайта түсуге мол мүмкіндік береді.

Шойын зауытының құрылысы 2014 жылы басталған болатын. 2016 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев зауыттың құрылыс барысын өзі келіп көріп, сол жылдың желтоқсан айында ұлттық телекөпір аясында автоматтық режимде суық айналдыру жұмысына рұқсат берді. Бүгінгі таңда бір домна пешінен өндіріс қуаттылығы жылына 200 мың тонна шойын алу жобасын жүзеге асыру технологиясы реттелуде. Қайнаған өндіріс ошағында 900-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Металлургия зауытында жұмыс істеу үшін Теміртауда алдын ала арнайы дайындықтан өткен 93 жергілікті жас маман қазір қызу жұмысқа араласты. Өзге жұмысшылар зауыт базасында оқытылып, жұмыс барысында тәжірибе жинақтауда. Сонымен қатар, келісімшартпен Ресей, Теміртаудан мамандар тартылып, олар осындағы жұмысшыларға кәсіптің қыр-сырын үйретті.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы іске қосылған алғашқы домна пеші шойын өндірісінің өрісін кеңейтуге жол ашатынына сенім зор. Жоспар бойынша екінші домна пеші келер жылы қатарға қосылмақ.