Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » НАҚТЫ ІСТЕР ПАРТИЯСЫ

Жаңалықтар

НАҚТЫ ІСТЕР ПАРТИЯСЫ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 24.11.2018
Оқылды: 37 Печать страницы
НАҚТЫ ІСТЕР ПАРТИЯСЫ

Қоғам дамуының қозғаушы күші болып қана қоймай, әр қазақстандықтың мемлекет саясатының игілігін сезінуінің кепілі болып отырған «Нұр Отан» партиясының құрылғанына келер жылы – 20 жыл. Еліміздің жетекші партиясының жиырма жылда атқарған шаруасы қыруар. 

«Нұр Отан» партиясының даму тарихы ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. 1999 жылы Елбасының бастамасымен «Отан» партиясы құрылып, оның сарабдал саясатының арқасында ірі партияға айналды. 2006 жылы «Отан» партиясының кезекті съезінде «Отан» РСП атауы «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы» болып, ал 2013 жылы «Нұр Отан» партиясы болып өзгертілді.     

Құрылғаннан бері мемлекеттің дамуына, халық игілігіне жұмыла жұмыс жасап келе жатқан партия Елбасының әрбір тапсырмасын бұлжытпай орындау, мемлекеттік маңызға ие шешімдерді жіті бақылау сынды өз жауапкершілігін нақты іспен дәлелдей білді. Қаламыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани салаларындағы барлық тыныс-тіршіліктің басықасында болатын партияның қалалық филиалы мен бастауыш партия ұйымдары мүшелерінің араласпайтын мәселесі кемде-кем. Партия қатарындағы ел сыйлайтын зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, білім және денсаулық сақтау саласының мамандары, бизнес және жастар өкілдері ауқымды істерге өзіндік үлестерін қосуда.

Түрлі саладағы мемлекеттік бағдарламалардың қала-мызда жүйелі орындалуын, бюджет қаражатының мақсатты қолданылуын, атқарылған жұмыстардың мерзімінде және сапалы болуын назарда ұстауға партия айрықша маңыз беріп келеді. Ел мүддесін көздеген ұйымға деген халық сенімі күннен-күнге бекемделе түсуде. Мұның бәрі Елбасының кемел саясатының, тұрақты даму мен бірліктің, ерен еңбектің нәтижесі.

Нұржамал Шоханова, Текелі қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы