Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Бизнесті жауапты жүргізудің сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық байланыс орталығы тур

Жаңалықтар

Бизнесті жауапты жүргізудің сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық байланыс орталығы тур

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 19.10.2018
Оқылды: 74 Печать страницы

2017 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) Инвестициялық комитетінің қауымдастырылған мүшесі болды және ЭЫДҰ көпұлтты кәсіпорындары туралы декларациясына 48-ші ел болып қосылды.

ЭЫДҰ Инвестициялық Комитетіне қосылуы аясында Қазақстан Үкіметі өз алдына бірқатар міндеттемелерді алды, соның ішінде ЭЫДҰ-ның Көпұлтты кәсіпорындарға арналған басқару қағидаттарына (бұдан әрі – Басқару қағидаттары) сәйкес бизнесті жауапты жүргізудің қағидаттарын тарату бойынша Ұлттық байланыс орталығын құру (бұдан әрі – ҰБО).

Инвестициялардың арқасында компания / инвесторлар (бұдан әрі - кәсіпорындар) елдегі экономикаға өндірістік капитал, басқару және технологиялық ноу-хау, жұмыс орындарын құру және салық түсімдері түрінде елеулі пайда әкеледі.

Сонымен қатар, мұндай компаниялардың / инвесторлардың қызметіне байланысты қоғамдық мәселелер туындайды және бұл мәселелердің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда халық пен қоғам үшін жағымсыз салдары бар.

Басқару қағидаттары елдегі және халықаралық құқыққа сәйкес бизнесті жауапты жүргізудің ерікті принциптері мен стандарттары бойынша ұсыныстар ұсыну арқылы осы мәселелерді шешуге көмектеседі.

Ұлттық байланыс орталығы - бұл Басқару қағидаттары бойынша жауапты бизнес жүргізу қағидаларын бұзатын кəсіпорындардың іс-əрекеттеріне немесе əрекетсіздіктеріне қатысты жұртшылықтың / қоғамның шағымдарын қараудың ерікті, санкциясыз механизмі.

ҰБО проблемаларды талқылау және өзара келісімге қол жеткізу жолдары мен келісімдерді қалыптастыру үшін тараптар арасында сындарлы диалог алаңын ұйымдастырады.

Өзінің қызметінде ҰБО Қазақстан 2017 жылғы маусымда қосылған ЭЫДҰ-ның халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар туралы Декларациясын және ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басқару қағидаттарын (қоса беріледі) басшылыққа алады. ҰБО-ның қызметі туралы толық ақпарат Министрліктің парақшысында «Министрлік туралы» бөлімінде және/немесе http://mid.gov.kz/kk/pages/biznesti-zhauapty-zhurgizu-boyynsha-ulttyk-baylanys-ortalygy сілтемесі бойынша қолжетімді.