Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Алматы облысы ауыл шаруашылығы туризмін дамыту бойынша

Жаңалықтар

Алматы облысы ауыл шаруашылығы туризмін дамыту бойынша

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 19.10.2018
Оқылды: 91 Печать страницы
Алматы облысы ауыл шаруашылығы туризмін дамыту бойынша

Алматы облысы ауыл шаруашылығы туризмін дамыту бойынша Қазақстанда алдыңғы орындарда тұр. Өңір агротуризмді дамытуға өте қолайлы, себебі халықтың 70% ауылдық жерлерде өмір сүреді.Жетісу жерінде туризмді тек табиғатына ғана емес, осы жерде тұратын адамдардың күнделікті қызметіне де қарай дамытуға мүмкіндік бар. Осыған орай Алматы облысының туризм басқармасы жергілікті БАҚ өкілдері мен туристік операторлардың қатысуымен агротур ұйымдастырды.

Алғашқы болып бал өндіретін омарталарға барды. Еліміздегі ең ірі омарта шаруашылығы Қарасай ауданында, теңіз деңгейінен 1500 метр биіктікте орналасқан. Бренд«На100ящий мед» атауымен 2011 жылдан бастап бал өндіріп келеді. Бұл өндірістің иесі Павел Конавалов.Оның балы экологиялық таза өнім болып табылады.

Жартыкүндік қызығарлық көріністен кейін агротуристер Іле ауданында орналасқан Сыдық Дәулетовтың шаруашылығына барды.Ал Еңбекшіқазақ ауданы агротуристік объектілерге бай. Табиғи байлығы, қолайлы ауа-райы егін шаруашылығын қарқынды дамуға бар жағдайды тудырып отыр. Агротур «Gold product» және «Arba wine» компанияларына барумен тәмамдалды.