Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Талдықорғанда тұңғыш рет «Тойқазан» ұлттық тағамдар фестивалі өткізілмек

Жаңалықтар

Талдықорғанда тұңғыш рет «Тойқазан» ұлттық тағамдар фестивалі өткізілмек

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 18.10.2018
Оқылды: 92 Печать страницы
Талдықорғанда тұңғыш рет «Тойқазан» ұлттық тағамдар фестивалі өткізілмек

Бұрын соңды болмаған  халықаралық «ZhetysuTravel»   туристік форумы  аясында, ағымдағы жылдың 19-20 қазан күндері «Тойқазан» ұлттық тағамдар фестивалі өткізілмек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында белгілі болды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту және «Сандық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында,  Алматы облысында «ZhetysuTravel»  заманауи ақпараттық туристік орталық ашылды. Аталған орталықта, жергілікті және шетел туристтері  ұлттық парктер, тұру орындары, жолдар, тамақтану орталықтары, билеттер сатып алу және т.б. туралы ақпарат алуға болады.

« «Жастар» спрост сарайында өткізілгелі отырған халықаралық форумға Қытай халық республикасы, Испания, Ресей мемлекеттерінен арнайы туристік спикерлер шақырылып отыр. Шетелден арнайы қонақтар шақыруымыздың басты мақсаты отандық туристік кәсіпкерлерге жаңа технологиялар мен туризм саласындағы соңғы жаңалықтарды жеткізу. Форумда Талдықорған қаласында дайындалған соңғы жобалармен таныстыру жоспарланып отыр, яғни «Zhetysu 360», «Сакралды география» және «Виртуалды турлар» жобалары» -, деді Алматы облысының туризм басқармасының басшысы Ж.Алшымбаева. 

Айта кету керек, Фестивальде концерттік бағдарламалар әзірленіп, «Сарбаз Рухи» атты спорттық ойындар, театрландырылған қойылымдар мен табиғат әуесқойлары үшін Алтын Емел ұлттық паркінде ақпараттық тур ұйымдастырылған. 

Сонымен қатар, жиын соңында туризм басқармасының басшысы Ж.Алшымбаева облыста туристік ағымның 2018 жылдың 9 айынның қорытындысымен таныстырып өтті. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, биыл демалушылардың саны 22,7% -ға артып, 1,7 млн адамды құраса, көрсетілетін қызметтер көлемі 59,4% құрап, 9,9 млрд теңгеге дейін артқан. Бірінші жарты жылдықтың ресми статистика бойынша облыстың туризм индустриясының нақты көлем индексі 148,7%  бұл басқа туристік бағыттардың деңгейінен асып түседі. Астана - 62,5%, Алматы - 94,2%, Шығыс Қазақстан облысы - 107,8%.