Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Құтқарушылар күні

Жаңалықтар

Құтқарушылар күні

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 17.10.2018
Оқылды: 84 Печать страницы
Құтқарушылар күні

Құтқарушылар – төтенше жағдайларда адамдарға көмектесу және құтқаруды талап ететін мамандық иелері, бұл мамандықтың өзі бірнеше мамандықты біріктіреді, мысалы өрт сөндіруші, сүңгуір, дәрігер және тағы да басқалары. Құтқарушылардың көмегі табиғи апат, су басу, өрт жағдайында, аварияларда, сондай-ақ, адамдардың ашық теңіз бен далада жоғалуы кезінде қажет болады.

Құтқарушы атану үшін жағдайды дұрыс бағалай білу, тез шешім қабылдау, батылдық, ептілік, тәртіптілік сияқты мінез ерекшеліктері мен қабілеттіліктері болуы шарт. Бұл тізім де жеткіліксіз, тіпті ең батыл әрі мықты деген адамның өзі бұл мамандыққа деген ықыласы болмаса, ерекше маңыздылығын түсінбесе, құтқарушы болып қызмет атқара алмайды.

Міне, 17 қазанда Текелі қаласының «Металлург» мәдениет үйінде «Құтқарушылар күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өткізілді. Шараға жиналғандардың ішінде ардегерлер, жеке құрам, сондай-ақ шақырылған қонақтар болды.

Мереке ресми салтанатынан басталды. Текелі қаласының әкімінің орынбасары Руслан Ертайұлы Дүйсебаев барлықтарын «Құтқарушылар күні» кәсіби мерекесімен құттықтады. Құттықтау сөзінде Руслан Ертайұлы азаматтар өмірінде құтқарушылардың еңбегінің маңыздылығы туралы айтып, барлық жеке құраммен ардагерлерге мықты деңсаулық, бейбітшілік және біздің еліміз үшін қызметтік іс-әрекеттерінде сәттілік тіледі.

Төтенше жағдайларда адам өмірін құтқарып, қаза болған құтқарушылар мен азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлестері үшін ТЖ қызметкерлерін Текелі қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс-шараның салтанатты бөлімінің соңында мерекелік концерт ұйымдастырылды.