Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Әншілер мен ақындар халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеді

Жаңалықтар

Әншілер мен ақындар халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеді

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 16.10.2018
Оқылды: 84 Печать страницы
Әншілер мен ақындар халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеді

Бүгін Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына (МХҚО) келушілерге елге танымал тұлғалар қызмет көрсетті.

     «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы олысы бойынша филиалы Талдықорған қаласындағы МХҚО-да  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері- Қанат және Айтгүл Құдайбергеновтар, айтулы ақын – Айтақын Бұлғақов автожүргізушілерге қызмет көрсетіп, куәлікті онлайн ауыстыруға және көлікті онлайн рәсімдеуге шақырды.

Сондай-ақ қызмет алушыларға өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында мемлекеттік қызметтерді онлайн алу жолдарын көрсетіп, азаматтарды цифрлы сауатты болуға шақырды. Мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келмей-ақ, электронды үкімет порталы арқылы онлайн алуға үндеді.

«Елімізде цифрландыру бағытында көптеген жұмыстар қолға алынып жатыр. Үйден шықпай-ақ қызметті алуға толық мүмкіндік жасалған. Бүгін  біз қызметтерді онлайн алудың еш қиындығы жоқ екендігін көрсетудеміз. Сонымен қатар ХҚО қызметкерлерінің жұмысының оңай емес екенін өзім басымнан өткеріп түсіндім. Халықпен күнделікті қоян-қолтық жұмыс жасау оңай шарауа емес»,- дейді Қанат Құдайбергенов. Ал Айтақын Бұлғақов азаматтардың сұрағына өлең шумақтарымен жауап беріп, тәнітті етті:

ЦОН да болса жұмысың,
Жеделдетіп бітірер,
Электронды барлығы
Жайымыз жоқ күттірер.

Қызмет алушылар танымал тұлғалардың қолынан анықтама алып қана қоймай, мүмкіндікті пайдаланып, естелікке фотоға түсіп жатты.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметі
тел.: 8 7075751171
e-mail: zhilkeldieva_gulden@mail.ru