Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Үздік мектеп - үздік білім кепілі

Жаңалықтар

Үздік мектеп - үздік білім кепілі

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 08.10.2018
Оқылды: 79 Печать страницы
Үздік мектеп - үздік білім кепілі

Тарихы  27 жылды қамтыған Мұхтар Арын атындағы №24 лицейі Алматы облысының мектептері арасынан озық танылып, «Орта білім беретін үздік ұжым» гранттын иеленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметі алаңында белгілі болды.

Аталған бәсекеде ұжымның соңғы бес жылдық жетістіктері ескерілді. Барлық талаптарға сай келген жергілікті мектеп 22 млн.теңге ақшалай сертификат ұтып алды.

«Адамзат баласының қол жеткізген ұлы жетістіктерінің барлығы  білім, ғылым, тынбас еңбек арқылы жасалған. Білім беру жүйесі анағұрлым күрделене түскенін ескерсек, заманауи оқыту жүйесінің мақсаты бәсекеге қабілетті, жан-жақты, көп тіл білетін маман даярлау. Дамыған отыз елдің қатарына ену мақсатында ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назараев 2017 жылғы жолдауында : «Бас тақырып – Қазақстанның үшінші жаңғыруы. Ол еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекелікке қабілетін арттыра түсуі тиіс. Біз сандық технологияларға негізделген болашағы зор бағыттарға айрықша мән беретін боламыз. Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және баспанамен қамтамасыз ету сияқты маңызды салалар қашанда басты назарда қала бермек», деген екен. Біздің ұжым Елбасы тапсырмаларымен алға қоя отырып   білім беру жолында сапалы жұмыс жасап келеді. Ұжым қоржынына түскен қаржылай сыйлықты мектеп тек игі мақсатта пайдаланады, яғни білім ордасындағы робототехниканың санын ұлғайту,  электронды тақталарды жаңарту, ғылым саласындағы жарияланған жаңа кітаптар және тағыда басқа мектеп қажеттіліктерін толықтыру. Осындай мүмкіндікті беріп отырған Алматы облысы әкімі Амандық Баталовқа алғасымызды білдіреміз»,- деді лицей  директоры Мария Бейсетбайқызы.

Жиында сонымен қатар, мектеп жетістіктері де сөз етілді. Атап өтер болсақ, соңғы екі жылда республикалық Президенттік олимпиадада І-ІІІ орын, «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасында ІІ орын, халықаралық «Ақбота» интеллектуалды турнирінде -103 орын, Республикалық Қазақстан интернет олимпиадасында 523 орын және т.б. Сонымен қатар, «Алтын белгі» төсбелгісіне 11 оқушы, үздік аттестатқа 13 оқушы ие болды. Мемлекеттік білім гранттарының иегері 37 оқушы (94,8%). Оның ішінде 7 оқушы Назарбаев Университетіне түсті. 2017-2018 оқу жылында лицейдің ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл – 124, білім сапасы - 100%. «Алтын белгі» төсбелгісімен 5 оқушы, үздік аттестатқа 8 оқушы, барлығы 27 оқушы Мемлекеттік білім грантына ие болған.

Айта кету керек, өткен оқу жылында мектеп гимназиясы респулика бойынша 10 мамандандырылған лицей қатарынан көрініп, мектеп түлектері Қытай халық респуликасында, Польшада, күншығыс Жапон мемлекетінде және тағы да басқа әлемнің беделді оқу орындарында білім алуда.


                                                                        Меруерт Махмұтжан