Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Елбасы Жолдауына қолдау

Жаңалықтар

Елбасы Жолдауына қолдау

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 05.10.2018
Оқылды: 97 Печать страницы
Елбасы Жолдауына қолдау

Бақтияр Өнербаев, Текелі қаласының әкімі:

Еліміз жыл санап дамып, өркендеп келеді. Мұның бәрі де Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасы деп білемін. Ұлт көшбасшысының жыл сайынғы Жолдауларында халықтың әлеуетін, еліміздің экономикалық жағдайын жақсарту басты назарға алынады.

Биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында атап өтілген міндеттердің барлығы да еліміздің қарқынды түрде өзгеру үстіндегі жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылуға бастайтын талаптар екені мәлім. Экономикада бәсекелестікті дамыту, тұрмыс сапасын арттыру, соның ішінде баспана, білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларына ден қою қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізері сөзсіз. Елбасы: "Адам, оның құқығы және денсаулығы - бәрінен маңызды",-деп атап көрсетті.

Қала әкімі ретінде барлық аталған міндеттердің орындалуына барынша өз үлесімді қосып, жіті қадағалауға алу міндетім деп білемін. Еліміздің өркендеп, дамыған елдер қатарына қосылуы үшін барша қазақстандықтар болып, бірлік пен ынтымақты ту етіп, бірге атсалысайық, ағайын!

 

Зухра Игембаева, Текелі қаласы білім бөлімінің басшысы:

Ұстаз мәртебесі – қоғам айнасы

Мұғалімдердің төл мерекесі қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа жолдаған Жолдауында дамудың барлық салаларына тереңдей тоқтала отырып, білім беру саласындағы өзекті мәселелерге ерекше назар аударғаны қуантты.

Әсіресе, алдағы уақытта педагогтардың мәртебесі туралы заң қабылданып, осы уақытқа дейін  көпшіліктің көкейінде жүрген түйіндердің күрмеуі шешілетіні ұстаздар қауымының сенімін үстемелейді деп ойлаймын. Еліміздің болашағын жарқын ететін бәсекеге қабілетті, білімді, білікті, ақыл-ой жетістіктерін тиімді қолдана алатын ұрпақ екенін бар жан-дүниемізбен түйсінеміз, осы жолда әрбір шәкіртіміздің дүниеге кірпіш болып қалана алатын ізгі адам, білгір маман болып қалыптасуы үшін маңдай терімізді төгіп келеміз.

Мемлекет басшысы өзінің өміршеңдігін дәлелдеген Назарбаев мектептерінің білім беру стандарттары мен әдіс-тәсілдерін барлық  мектепке үлгі етуге, білім сапасын бағалауды халықаралық тәжірибемен ұштастыруға мейлінше маңыз беруді тапсырды. Қазіргі таңда біздің мектептеріміз білім берудің жаңа форматына біртіндеп көшуді бастады. Мұғалімдер біліктілікті арттыру курстарында білімдерін жетілдіріп, заманауи талаптардың үдесінен шығуға бар күш-жігерлерін салуда. Текелі қаласының білім сапасы бойынша облыс көлемінде әрдайым алдыңғы қатардан көрінуі ұстаздар еңбегінің жемісі деп білемін. Ұрпақ тәрбиелеу мен  оларға білім беру, содан кейін түлектеріміздің таңдаған саласы бойынша маман иесі атанып, жұмысқа тұру үдерісі бір-бірімен жалғасып жатқан біртұтас жүйе екені анық. Осы ретте Елбасының қолында дипломы бар жастардың жұмысқа орналасуына қатысты жоғарғы оқу орындарына жауапкершілік жүктегені көкейге қонымды. Мұның білім сапасының артуына барынша ықпал ететітіні сөзсіз.

 

Тұрысбек Жұмаділов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Текелі қалалық филиалының директоры, қалалық мәслихат депутаты:

Елбасы шикізатқа тәуелділіктен, әсіресе, мұнайға иек артудан бас тартпай, мемлекетіміздің бәсекеге қабілетті әлеуетін қалыптастыра алмайтынымызды үнемі айтып, отандық өндірісті дамытуға барынша назар аударып келеді. Осы ұстаным Биылғы Жолдауда да айқын көрініс тапты.

Елбасы отандық өндірісті дамытуға, шағын және орта кәсіпкерлікті одан ары жетілдіруге, осы арқылы халық күнделікті өмірде тұтынатын тұрмыстық тауарларды өзімізде өндіруге және жергілікті жерлердің сұранысын қамтамасыз етуге басымдық беріп: «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін жыл сайын 30 миллиард теңге бөлінетін болады. Ұлттық банк басым бағыттағы өндіріс саласын, шағын және орта бизнесті несиелеу үшін 600 миллиард теңге бөледі. Өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдауға алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлінеді», – деді. Бұл ішкі өндірісті өркендетуге бағытталған бұрын-соңды болмаған үлкен қолдау. Елбасы Жолдауда, сонымен бірге, қазақстандық тауарлардың өрісін кеңейтудің кешенді бағытын да айқындап, отандық кәсіпорындардың «қарапайым бұйымдар экономикасы» деп аталатын, халық көп тұтынатын тауарлар тізбесін шығаруды қолға алу керектігін тапсырып, осынау ұлттық мақсатты «Қазақстандықтар сапалы әрі қауіпсіз өнімдерді тұтынуы керек» деген бір ауыз сөзбен түйіндеді. Мұны, ең алдымен, отандық кәсіпкерлер түйсінуі, мемлекеттік қолдауға сүйене отырып, өндірісін бекемдеп, экологиялық таза өз өнімдеріміздің тұтынушылар алдындағы сенімділігі мен тартымдылығын арттыруға күш салуы тиіс.

 

 

Текелі қаласының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Кадыкенова Салтанат Мұхтарқызы:


Елбасы жыл сайынғы Жолдауында ұлт болашағы жастарға үлкен сенім артып, мемлекет тарапынан жастардың барлық бастамаларына қолдау көрсетеді.Мемлекет басшысы жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау - мемлекеттік саясаттың басымдылығына айналуы тиістігін ерекше атай келе, 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды. Жастар жылы бізге, текелілік жастарға жігер береді.  Біз Ұлт көшбасшысының бастамаларын,жүктеген міндеттерін орындауда белсенділік танытып, аталған межелерді еңсеруде қажырлы еңбек етеміз. Ел ертеңінің баянды болуы - біздің  қолымызда!