Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » «Ұлттық құндылықтар ұрпақтар сабақтыстығынан»

Жаңалықтар

«Ұлттық құндылықтар ұрпақтар сабақтыстығынан»

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 03.10.2018
Оқылды: 92 Печать страницы
«Ұлттық құндылықтар ұрпақтар сабақтыстығынан»

Жақында Қаскелең қаласының Мәдениет үйінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ардагерлер мен әжелер алқасы бірігіп «Ұлттық құндылықтар ұрпақтар сабақтыстығынан» атты іс-шара ұйымдастырды. Ал, мерекелік кешті Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова ашты. Іс-шара барысында Қаскелең қаласының және басқа да ауылдық округтердің өкілдері өздерінің барлық өнерлерін көрсетіп, сайысқа түсті. Онда біреулері тілге, дәстүрімізге қатысты ән айтып, би билесе, бірі мақал-мәтелдер оқыды. Сонымен қатар, басқалары ұлттық құндылықтар жайлы көріністе көрсетті. Іс-шара соңында, барлық қатысушыларға, яғни, Қаскелең қаласының және басқа ауылдық округтердің ардагерлері мен әжелер алқасының мүшелеріне Алғыс хат табысталды.