Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Алтыбақан аясында...

Жаңалықтар

Алтыбақан аясында...

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 25.09.2018
Оқылды: 95 Печать страницы
Алтыбақан аясында...

Қала күні мерекесінде «Достық» шағынауданында алтыбақан және турниктер орнатылған ойын-сауық алаңы ашылды.

Алаңның ашылу салтанатында көпшілікті мерекемен құттықтаған қала әкімі Бахтияр Өнербаев: «Салауатты өмір салтын дәріптеп, бұқаралық спортты дамытуға, ұлттық ойындарды насихаттауға қолайлы мүмкіндіктер жасау мақсатында қала кәсіпкерлерінің қолдауымен тағы бір ойын алаңы ашылды.

Ұлттық ойын алтыбақан жастарды әдептілікке, өнерге баулуда өзіндік мәнге ие. Демек, ойын алаңы, шағынаудан жастарының бос уақытын пайдалы спорттық ойындармен өткізетін көңілді орнына айналатыны сөзсіз. Мұнда, сондай-ақ, әдеби-мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға да болады. Көптің мүддесіне қызмет ететін игі істеріміз көп болсын!», – деп ізгі тілегін жеткізді.

Қала күнінде ашылған ойын алаңын тамашалай келген көпшілік думанның көрігін қыздырып, ажарын асырған №4 орта мектебінің оқушыларына дән риза болды. Ұлттық киім киген оқушылар жасыл жайлау үстіндегі бойжеткен мен бозбала алтыбақан теуіп, домбырадан күй, көмейден ән төгілткен, балалар арқан тартып, асық, тоғызқұмалақ ойнап мәз-мейрам болған алтыбақан салтанатын айнытпай бейнеледі. Әсіресе, алтыбақан басындағы әдеп пен өнердің қыз бұрымындай жарасыммен өрілетін өзіндік болмысын әдемі бейнелеп, жастардың назарын ұлттық ойын астарында жатқан тәрбиеге аудара білді.