Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » ЖАҢАРЫП, ЖАҢҒЫРҒАН АУРУХАНА

Жаңалықтар

ЖАҢАРЫП, ЖАҢҒЫРҒАН АУРУХАНА

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 28.09.2018
Оқылды: 131 Печать страницы
ЖАҢАРЫП, ЖАҢҒЫРҒАН АУРУХАНА
Қуаныш пен шаттыққа толы қала күні қалпына келтіру жұмыстары аяқталған аурухана ғимаратының ашылуына да дөп келді.
 
Былтыр жыл соңында басталған сейсмоберіктеу арқылы күрделі жөндеу жұмыстары аурухананың әкімшілік, терапия бөлімі, рентген кабинеті және Рудничный ауылдық округіндегі амбулатория ғимараттарын қамтыды. Құрылыс саласында тәжірибесі бар «Фуд-МС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігер болған жобаның жалпы құны 564 миллион теңгені құрады.
 
Жаңа кейіпте көз қуантқан аурухана ғимараты тек ақ халаттыларға ғана емес, барша текеліліктерге мерекелік тарту болды. Іргетасы мен қабырғалары жер сілкінісіне қарсы беріктеліп, едені, есік-терезелері, шатыры жаңадан ауыстырылған ғимараттардың әдемі қасбеті өз алдына аумақтағы электр, су жүйелері жаңғыртылды, аула асфальтталып, аурухана қалашығының қоршауы тұтастай жаңаланды.
 
Салтанатты жиында қала әкімі Бахтияр Өнербаев аталған ауқымды істің жобалық-сметалық құжаттары әзірленгеннен кейін жөндеу жұмысының маңыздылығына мән беріп, қомақты қаржы бөлуге қолдау көрсеткен депутаттарға, облыс басшылығына алғыс білдіріп, Елбасы Жолдауларынан бастау алған бағдарламаларды негіз ете отырып, ел игілігі үшін атқарылатын шаруалар әлі де көп екенін, сол жолда жұмылған жұдырықтай бірлікте еңбек ету қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, «Фуд-МС» ЖШС ұжымының жауапкершілікпен атқарған жұмысына ризашылығын жеткізді. Ал Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Өмірзақ Ниязбеков текеліліктерді қала күнімен құттықтап: «Текелідей көрікті қаланың халықты салауатты өмір салтына бастап, өмірге құштарлығын арттыратын қалашығының ішкі-сыртқы келбеті келісті, көркем болғаны қандай керемет. Ақ халатты абзал жандар ұлт денсаулығы үшін абыройлы қызмет ете берсін»,– деді.
 
Заманауи қолтаңбамен жөндеуден өткен нысанның тұсауын қала әкімі Б.Өнербаев пен «Фуд-МС» ЖШС бас директоры С.Хусайнов кесті. Қалалық аурухананың директоры Елена Целищева әкімшілік ғимаратындағы әскери-медициналық комиссия орналасқан жеке бөлімшенің электрондық құжат айналымына лайықталған медициналық-ақпараттық жүйемен жабдықталған кабинеттерімен, мамандарымен таныстырды. Өзге ғимараттардың құрылғы, жиһаздары да жаңартылып, тұрғындар үшін қызмет ететін болады.