Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Құрметті жастар, қала тұрғындары!

Жаңалықтар

Құрметті жастар, қала тұрғындары!

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 27.09.2018
Оқылды: 89 Печать страницы
Құрметті жастар, қала тұрғындары!

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!" тақырыбында плакаттар және бейнероликтер халықаралық байқауы жарияланады. Аталған форматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнама әзірлеу қажет, онда қоғамның барлық деңгейлерінде және барлық қызметі салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазіргі заманғы тетіктерін, сондай-ақ аталған бағытта халықаралық ынтымақтастықтың рөлі мен маңыздылығын көрсеткен жөн.

Байқауға 14-35 жас аралығындағы авторлардың орыс тіліндегі жұмыстары 2 шілдеден бастап 19 қазанға дейін қабылданады.

Ұйымдастырушылар: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы және Қырғыз Республикасының Бас прокуратуралары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік қаржылық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша агенттігі.

Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында "9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні" қарсаңында өткізу жоспарлануда.

anticorruption.life мекен-жайы арқылы толығырақ ақпарат алып, конкурсқа тіркеле аласыздар.