Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Жаңалықтар

ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 23.09.2018
Оқылды: 92 Печать страницы
ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Текелі қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 12 наурыздағы «Текелі қаласында санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру бойынша көктемгі-күзгі екі айлықты өткізу туралы» №48 қаулысына сәйкес 2018 жылдың 15 қыркүйек-15 қараша аралығында қалада күзгі санитарлық тазалықтың екіайлығы өткізіледі.

Барлық кәсіпорындар, мекемелер, шағын және орта бизнес объектілері, көпқабатты үйлер және жеке меншік сектордың тұрғындары аумақтағы тазалықты қалпына келтіріп, қоқыстарды жинау, құрғақ бұтақтарды кесу, арықтарды тазалау жұмыстарын қолға алу керек.