Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Маусымның басынан бастап Алакөл көліне келуші туристердің саны миллионнан асты.

Жаңалықтар

Маусымның басынан бастап Алакөл көліне келуші туристердің саны миллионнан асты.

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 15.08.2018
Оқылды: 122 Печать страницы
Маусымның басынан бастап Алакөл көліне келуші туристердің саны миллионнан асты.

Маусымның басынан бастап Алакөл көліне келуші туристердің саны миллионнан асты. Бұл көрсеткіш күннен күнге өсуде. Бұл әдемі табиғат бұрышы мемлекеттің байлығы, ал судың емдік қасиеттері барлық таяу елдерге белгілі. Сондықтан судың тазалығын сақтап, қоршаған ортаны қорғау өте маңызды. Бүгінгі күні көлдің жағалауындағы тазалық пен тәртіп ерекше бақылауда. Маусымның басынан бастап екі мың тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық шығартылған.
Бір демалыс орын иесі Сандуғаш Ермекованың айтуы бойынша жаз өте салқын болғанымен маусым айының онынан бастап бүгінгі күнге дейін толық қарқынмен жұмыс жасауда. Өйткені, тұрақты демалушыларға барлық жағдайы жасау өте маңызды. 
Сондықтан, коммуналдық қызмет жағалау аймағында аянбай қызмет көрсетіп, жұмыс істеуде. Алакөл аудандық ЖКХ бөлім басшысының айтуынша маусымның басынан бастап екі мың тоннаға жуық қатты-тұрмыстық қалдықтар шығартылған. Бұл үшін "Алакөл тазалық" атты жеке бригадасы  да құрылған. 
"Көл жағалауының 12 шақырымын Ақши, 3 шақырымын Көктұма ауылы құрайды. Күн сайын үш рет қоқыс шығару жұмыстары жүргізіледі. Оған бес техника мен ондаған адам жүмылдырылған", - деп атап өтті Ержан Нұрпейісов. 
"Маусым-тамыз айы бойынша 50 әкімшілік хаттама толтырылды.12 айыппұл салынды, 38 ескертулер берілді. Сондай-ақ, бір азамат бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында қосымша бірнеше ішкі істер органдарының қызметкерлері мен екі экипаж ДПС қосылды", - дейді Ырғайты ауылдық округінің учаскелік инспектор Ерік Оралбаев. 
Ал аудандық әкімдік коммуналдық қызметтердің жұмысын күшейту үшін облыстық әкімдіктен 390 миллион теңге бөлінгендігін атап өтті. Осы қаражатқа қосымша техника мен "Алакөл тазалық" кәсіпорынның материалды-техникалық базасын күшейту жоспарланған. Осылайша, қоқыс урналары көбимек. 
Айта кетейік, көлдің жағалауында коммуналдық-тұрмыстық жағдайлары басқа, қазірдің өзінде белгіленген биоуборный салынып, күрделі құрылыстар жүргізілуде. Орталық кәріз және сумен жабдықтау жобасы әзірленуде. Құжаттар экспертизаға берілген. Құрылысы 2019-2020 жылдарға жоспарланған.