Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Алматы облысында қаржы секторын цифрландыру нәтижесі туралы айтылды

Жаңалықтар

Алматы облысында қаржы секторын цифрландыру нәтижесі туралы айтылды

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 14.08.2018
Оқылды: 122 Печать страницы
Алматы облысында қаржы секторын цифрландыру нәтижесі туралы айтылды

Мемлекеттік сатып алу саласындағы камералық бақылау жемқорлықтың алдын-алуда маңызды рөл  атқарады. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті басшысының орынбасары Раманхан Абитханұлы айтып берді. Сөз басында 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы камералық бақылау нәтижелеріне тоқталып өтті.

Шара барысында камералық бақылаумен мемлекеттік сатып алуды тексерудің қамтылуы артқаны белгілі болды. Олар автоматтандырылған, еліміздің әрбір тұрғыны өз жұмыс орнында немесе үйінде отырып электронды түрде өтінім білдіре алады.Сондай-ақ, цифрлық форматта елдің әрбір азаматы портал арқылы кімнің ұтып, кімнің ұтылғанын да көре алады. Мысалы, егер кәсіпкер белгілі бір заң бұзушылықтар болды деп есептесе, ол электронды түрде шағым түсіре алады. Содан кейін өтінім өңделіп, заң бұзушылық орын алды ма жоқ па анықталады, нәтижесінде сәйкес шаралар қолданылады. Камералық бақылау арақашықтықта жүзеге асырылады. Бұл жемқорлыққа қарсы әдістердің бірі болып табылады.

«Бірініші жартыжылдықта Департамент 298 421,0 млн.тенгеге 25 087 мың мемлекеттік сатып алу үрдістерін тексеріп, 32 028,9 млн.тенгелік 897 жағдайда заң бұзушылықтар анықталып, жойылды»,- деді Рахманхан Торегелдиев. 

Сондай-ақ, Рахман Абитханұлы сатып алуды тек мемлекеттік сатып алулар туралы заңға сәйкес жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Ал заң бұзушылықпен келіспеген жағдайда қарсылық институтын уақытылы пайдалану қажет.