Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Алматы облысында «Архкод Жетісу» жобасының тұсаукесері өтті

Жаңалықтар

Алматы облысында «Архкод Жетісу» жобасының тұсаукесері өтті

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 14.08.2018
Оқылды: 116 Печать страницы
Алматы облысында «Архкод Жетісу» жобасының тұсаукесері өтті

     Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Архкод Жетісу» жобасының тұсаукесері өтт.  Жоба қаладағы көне ғимараттардың сақталуына назар аудару, қала тарихын жетік білу мен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласын  популизациялануы үшін ұйымдастырылды.
    Қаланың тарихын зерттеу барысында, зерттеу  фотофиксацияға ғана жүгінбей, қалалық архивпен де жұмыс жасалды. Қала және оның тұрғындары жайлы соңғы 90 жыл уақыт аралығын құрайтын ақпаратты Талдықорған қаласындағы мемлекеттік архивтің қолдауымен құжаттар табылыпты. Сонымен қатар, сайтта Талдықорғанның қызықты маршруты сызылған карта бар. Ол картаны мобильдік жүйеге жүктеп алуға болады және онда туристердің қызығушылығын арттыратындай нысандар көрсетілген.
   «Зерттеу барасында қаланың ең әдемі, тарихи ғимараттарын таңдап алып, 3-D моделінде орналастырдық. Ол моделді арнайы «sketchup» бағдарламасымен дайындадық. Объектілер қаланың орталығында орналасқан. Баспа картаны онлайн түрінде қарауға мүмкіндік бар. Біз көбінесе 3-D объектілерді фотоға қарап жасадық. Сондықтан бұның абсолюттік өлшемі дәл келмейді. Ғимараттардың тарихын мемлекеттік архивтардан фото - видеоларын алып, газеттерден, кітапханалардан, жергілікті эксперттерден іздестірдік. Дегенмен, бұл ғимараттардың ғұмыры бір ғасырдан аса болғандықтан мәліметтерді іздестіру қиындық туғызды», -  деп  қорытындылады «Архкод Жетісу» жобасының авторы Талғат Шидербаев.