Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » ШАТЫРЫҢЫЗДАН СУ АҚПАСЫН

Жаңалықтар

ШАТЫРЫҢЫЗДАН СУ АҚПАСЫН

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 12.08.2018
Оқылды: 118 Печать страницы
ШАТЫРЫҢЫЗДАН СУ АҚПАСЫН

Қыс қамын жазда жасаудың дұрыстығын білсек те кейбіріміз суық жағадан алып, бүрсеңдегенше, қурай басын сындыруға құлық танытпайтынымыз рас. Әсіресе, қаламыздағы көп қабатты үйлердің жылыту маусымына дайындығы сылбыр жылжып жатады.

Өз меншіктеріндегі үйдің жағдайын басқа жақтан біреу келіп ойламайтынын білетін, тұрғындары тату көп қабатты үйлер қай уақытта да тап-тұйнақтай, есік-терезелері орнында, қараған көз сүйсінеді. Ал жертөлесінің есік-терезесі алқам-салқам, инженерлік желілері жөндеуді қажет ететін үйлердің тұрғындары қыста тоңбаудың қамын бүгіннен ойлағандары жөн. Қалалық тұрғын үй-ком-муналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандары кездесулер өткізіп, жылыту маусымына дайындықтың жай-жапсарын тұрғындарға түсіндіруден жалықпайды. Бірақ, кейбір тұрғындар жаңбыр жауғанда үйінің төбесінен су ақса, кінәліні іздеп, байбалам салуға әзір тұрады. Көп қабатты үйдің шатырының бүтіндігі де өз тұрғындарының жауапкер-шілігіндегі дүние. Осы уақытқа дейін бірқатар үйлер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жүйесі бойынша күрделі жөндеу жүргізіп алса, біреулер өздері бірігіп, үйдің шатырын жаңалап алды. Ал көршілерінің ауызбірлігі жоқ кейбір көп қабатты үйлердің шатырлары әр жерден жамалып, сиықты қашырып тұр. Әр пәтер өз шатырын білгенінше жамап алып жатыр. Мәселен, Қора көшесі 28-үй мен Әуезов көшесіндегі 6-үйдің шатырына көз жүгіртіп көріңізші. Ал сіздің үйдің қысқа дайындығы қалай? Бір шатырдың астындағы тұрғындар, тату болуды үй-ренсек, бізге қыстың суығы да, жаңбырдың суы да бөгет бола алмайтынын ескерейікші.