Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » МЕШІТТЕ ӨТКЕН СПОРТТЫҚ ЖАРЫС

Жаңалықтар

МЕШІТТЕ ӨТКЕН СПОРТТЫҚ ЖАРЫС

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 10.08.2018
Оқылды: 99 Печать страницы
МЕШІТТЕ ӨТКЕН СПОРТТЫҚ ЖАРЫС

Өткен жұмада қалалық Керімбек би мешітінде қол күресінен және гір тасын көтеруден жарыс ұйымдастырылды.

Қалалық дін істері инспекторы мен дене-шынықтыру және спорт бөлімі бірлесіп өткізген жарыстың мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын дәріптеу, уақытты пайдалы, тиімді меңгере білуге дағдыландыру. Осы жайында мешіттің бас имамы Аман Медетбеков:

«Әдетте адамдар мешітті тек діни жоралғылар өтелетін, құран оқылып, уағыз айтылатан орын деп түсінеді. Шындығында, сол уағыздарда ізгі де көркем мінез, адамгершілік қасиеттер дәріптеледі. Діни ұстанымдарымыздың, амал-әрекеттеріміздің барлығы адамдардың жақсы мінез-құлықты, сонымен бірге, мықты денсаулықты қалыптастыруына бағытталған. Айталық, намаз оқу пенденің Аллаға деген адалдығын беріктеумен бірге денсаулығын да шыңдайды. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Әлсіз мұсылманға қарағанда күшті мұсылман әлдеқайда жақсырақ» деп денсаулықты баптап күшейтудің абзалдылығын мең-зеген. Мұсылмандар арасында ат бәйгесі, күрес, суда жүзу секілді спорт түрлері ертеден-ақ кең өріс алған», – деп мешіттегі өмір әрбір мұсылманның күнделікті тыныс-тіршілігімен байланысты екенін еске салды.

Көпшілік жарысқа қызығушылықпен қатысты. Қол күресінен және гір тасын көтеруден Рустам Жақыпбеков алдына жан салмады. Қол күресінен 2-орынды Қадіржан Сәрсенбаев, 3-орынды Дәулет Қарақыз иеленсе, гір тасын көтеруден 2-орынды Бауыржан Құттымбетов, 3-орынды Қалқаман Ершатұлы еншілеп, грамота, сыйлықтармен марапатталды.