Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » ӨЗЕКТІ ІСТЕР ӨРІСІ

Жаңалықтар

ӨЗЕКТІ ІСТЕР ӨРІСІ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 05.08.2018
Оқылды: 31 Печать страницы
ӨЗЕКТІ ІСТЕР ӨРІСІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Қылышбаев Текеліге арнайы ат басын бұрып, қала дамуының бүгінгі жай-күйіне қанықты. 

Атқарылып жатқан жұмыстардың жалпы барысымен егжей-тегжейлі таныстырған қала әкімі Бахтияр Өнербаев Сенат депутатының назарын қалада қолға алынған іргелі жобалар бойынша өзекті мәселелерге аударды. Осыған орай, Н.Қылышбаев Орталық Азия университетінде болып, кәсіптік және үздіксіз оқыту мектебінің қызметі, материалдық-техникалық базасы, сондай-ақ, университет кампусының құрылыс жұмыстарына маңыз берді. Мұндағы жұмыс ауқымын ОАУ-дың еліміздегі Орталық әкімшілік өкілі Райхан Сисекенова баяндады.  

Бүгінде университеттің кәсіптік және үздіксіз білім беру мектебінде курстар арқылы кәсіптік білім беріледі. Курстардың мерзімі деңгейлік санатына қарай әр-түрлі. Қазіргі таңда ағылшын тілінен 4, есепші мамандығы бойынша 1 топ, әр топта 10-нан аса адам білім алуда. Курсты бітіргендерге халықаралық деңгейдегі сертификат беріледі.

Мектептің материалдық-техникалық базасын, оқыту деңгейін заман талабына сай жетілдіріп отыруға мән берілген. Ұстаздардың кәсіби білімін жоғарылатуға назар аударылып, халықаралық деңгейде біліктілікті арттыруға жағдай жасалуда.

Оқу сыныптарын аралап, ұстаздармен әңгімелескен Н.Қылышбаев университет кампусы-на барды. Мұнда уақытша офис, қоймалар салынып, ішкі құрылыс алаңындағы жолдар жөнделген. Өткен жылы қала халқының  пайдалануына берілген жаңа жолға, сондай-ақ, жайқала өсіп келе жатқан жасыл желекке халық қалаулысы қызығушылық танытты. Еске сала кетсек, университет «Туған жер» бағдарламасын қолдап, тау бөктеріне дейінгі 1 шақырымға тарта жолды жаңадан жөндеген еді. Асфальтталып, жарықтандырылған теп-тегіс жол қала тұрғындарының, әсіресе, жастардың тау бөктерінде велосипедпен серуен құруына, ертелі-кеш жүгіріп бой сергітуіне таптырмайтын орын. Ал тау бөктеріндегі жасыл желек кім-кімді де бей-жай қалдырмайды. Мұнда 12 мың түптен астам әртүрлі ағаштың көшеті отырғызылған. Балапан ағаштар тұтас аумақты көмкеріп, алда бой көтеретін университет ғимараттарына сән қосары сөзсіз. Бұл қала экологиясы үшін де пайдалы.

Демек, іске асырылып жатқан игі істер аз емес. Осыған куә болған Н.Қылышбаев түйінді мәселелердің оң шешімін табуына атсалысатынын жеткізді.