Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Мұқали халықаралық экспедициясының қорытындысы

Жаңалықтар

Мұқали халықаралық экспедициясының қорытындысы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 30.07.2018
Оқылды: 134 Печать страницы
Мұқали халықаралық экспедициясының қорытындысы

Облыстық коммуникациялар қызметі алаңында  Мұқали халықаралық – тарихи экспедициясының қорытындысына арналған  баспасөз – мәслихаты өтті.

Алматы облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласы аясында қоғамдық пікір көшбасшылары,  жазушылар, суретшілер мен композиторлар Қытай Халық Республикасына экспедицияға барып келді. Ағымдағы жылдың 18 – 25 шілде аралығында өткен экспедицияның мақсаты Мұқали гойонның жүріп өткен және тарихи естеліктер қалдырған  жерлерімен танысып, оны халық арасына кеңінен тарату.

Экспедицияға 19 адам қатысып, Бейжің, Шанси провинциясы кезіндегі Қытайдың астанасы Сиянь және Мұқали бабамыз Қытайды басқарған тұсындағы Юлинь қалаларымен, сонымен қатар «Ұлы Қытай қорғаны», «Сиянь Үлкен Мешіті», «Шэньси провинциясының тарихи мұражайы», «Қытайдың Ұлттық мұражайы»,  «Нюцзе Мешіті» сынды Қытай елінің тарихи-мәдени жерлермен танысып келді.