Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Мемлекеттік гранттар беру

Жаңалықтар

Мемлекеттік гранттар беру

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 30.07.2018
Оқылды: 106 Печать страницы
Мемлекеттік гранттар беру

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Конкурсты ұйымдастырушы: Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

Орналасқан жері: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26 үй;

Пошталық мекенжайы:  Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26 үй;

Электрондық поштасы: upiir@industry.gov.kz;

Байланыс телефоны: 8 (7282) 32-95-58; 32-95-67; 32-95-68;

Конкурс нысанасы: «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға
(өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін орын: Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы. Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26 үй;  

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді. (industry.gov.kz,  zhetysu.gov.kz сайттарында  орналастырылған).

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2018 ж. «30» шілдесінен бастап 2018 ж. «10» тамызы  аралығында, жұмыс  күндері  сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (жергілікті уақытпен).

Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2018 ж. «30» шілде  сағат 10:00 (жергілікті уақытпен);

Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2018 ж. «10» тамызы  сағат 13-00 (жергілікті уақытпен).

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен industry.gov.kz,  zhetysu.gov.kz сайттарында танысуға болады.