Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТ САҢЛАҚТАРДЫ САРАЛАДЫ

Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТ САҢЛАҚТАРДЫ САРАЛАДЫ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 23.07.2018
Оқылды: 66 Печать страницы
ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТ САҢЛАҚТАРДЫ САРАЛАДЫ

20-22 шілдеде Текелі қаласында велоспорттың маунтинбайк түрінен Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты өтті.

Жасөспірімдер және ересектер сынды екі жас санаты бойынша өткен чемпионатқа еліміздің жер-жерінен іріктелген 60-қа тарта велошабандоз қатысты. Үш күнге жалғасқан жарыс тартысқа толы болды. Алматыдағы «Apple Team» велоспорт клубының атынан сынға түскен текелілік велоспортшы Нұрғали Төребеков техникалық себептерге байланысты жарыс жолынан шығып қалса да, тағы 2 жерлесіміз жүлделі орындарды еншіледі. Атап айтсақ, жасөспірім қыздар арасында Алматы облысының құрама командасынан текелілік Татьяна Богданова алтынды тұғырдан көрінсе, ұлдар арасында Денис Сергиенко күміс медаль тақты.

Жасөспірімдер арасында ерлерден алтын медальді астаналық Болат Ниязов еншілесе, ересектерден ерлер арасында Павлодар облысынан Кирилл Казанцев, әйелдер арасында Алматы қаласынан Екатерина Слепакова иеленді. Жүлдегерлер медаль, грамота және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Талдықорғандағы А.Кивилев атындағы велоспорт бойыншаолимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар менжасөспірімдер мектебінің директоры Самат Сапажанов: «Тек іші-нара тұстары маунтинбайк спортының талаптарына сәйкес-тендірілгені болмаса, мұндағы жарыс жолын табиғаттың өзі бедерлеген. Тау бөктерінің күрделі де бір-бірін еш қайталамайтын ерекше бітімі, жасыл желекпен көмкерілген тау табиғаты, таза ауасы – бәрі-бәрі велоспорттың маунтинбайк түріне атап соққандай. Жарыстың басықасында болған Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Сергей Бредихин де мұндағы табиғи жарыс жолына таңданысын жасыра алмады»,– деген сөзі біздің жастардың, әсіресе, қаракөздеріміздің құлағына құйылып, жүрегіне жетсе ғой!

Қос дөңгелекке құнжия қонып, жұлдызша заулайтын велоспортты серік еткен текеліліктер ондап, жүздеп саналса да жарасар еді-ау...