Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » ЖҮЙЕЛІ ІСТІҢ ЖЕМІСІ

Жаңалықтар

ЖҮЙЕЛІ ІСТІҢ ЖЕМІСІ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 20.07.2018
Оқылды: 53 Печать страницы
ЖҮЙЕЛІ ІСТІҢ ЖЕМІСІ

Елбасының бастамасымен 2005 жылы Астанада «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының республикалық штабы құры-лып, елiмiздiң барлық облыстарында филиалдары ашылған еді. Содан бері жалынды жастардың еңбекқорлығы мен отаншылдығының арқасында бұл ірі бағдарлама бүгінге дейін жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Оның басты мақсаты – жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру, елді мекенді көркейту, сондай-ақ,  жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезiмiн ояту.

Қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Салтанат Қадыкенованың айтуынша, «Жасыл Ел» жастар жасағының биылғы еңбек маусымы қаламызда маусым айында басталған. Шілде айында 46 жас еңбек етуде. Текелі кәсіптік колледжінің студенттері, кәмелеттік жасқа толған оқушылар, жұмыссыз жастардан құрылған
5 топ  қаланы абаттандыру, тазарту,  сондай-ақ, қайырымдылық шараларына жұмылдырылған. Нақтырақ айтсақ, дәл қазіргі кезде Тәуелсіздік, Қора, Әуезов көшелерінің және «Достық» шағынауданына қарасты Қонаев көшесінің бойын күл-қо-қыстан тазарту, бұтақтар мен арамшөптерді шабу сынды жұмыстармен айналысуда. 

– Жұмыс жасауға ынта білдіретін жастар көп. Олар ай сайын 56 мың теңге көлемінде еңбекақы алады. Сондай-ақ, жұмыс формалары, қолғаптар, құрал-саймандар беріледі.
Аптасына бес күн жұмыс істеп, сенбі, жексенбіде демалады. Жұмыс уақыты – таңертең 8.00-ден кешкі 17.00-ге дейін. «Жасыл Ел» жасағының жастары бос уақытында қайырымдылық акцияларын өткізеді. Мәселен, осы шілде айында тыл
ардагері М.Карасеваның үйішін жинап, ауласын, бау-бақшасын тазартып, реттеуге көмектесті, – дейді С.Қадыкенова.

«Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының мүшесі:

Маусым айынан бастап еңбек етіп жатырмын. Жазғы демалысты пайдалы өткізіп, қаламыздың гүлденуіне өз үлесімді қоса жүріп табыс табуды жөн көремін. Ата-анам менің адал еңбек еткеніме риза.