Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Жаңалықтар

«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 19.07.2018
Оқылды: 139 Печать страницы
«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Кез келген әлеуметтік мәселе баспанамен тікелей байланысты ғой. Сондықтан да, Елбасы биыл наурыз айында ұсынған «Президенттің бес әлеуметтік бастама-сы» атты Үндеуінде ел тұрғындарының баспана мәселесіне ерекше маңыз беріп, «7-20-25» бағдарламасын ұсынған болатын.

Міне, 1 шілдеден аталған бағдарлама жұмыс істей бастады. Енді тұрақты жұмысы бар кез келген қазақстандық баспана қаржысы бойынша Халық банкі, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Центркредит, Евразия банкі, АТФ банк, RBK және Цесна банкінің тұрғылықты жердегі бөлімшелері арқылы 25 жылға дейінгі мерзімге келісімшарт жасай алады. Жыл соңына дейін аталған банктердің қатарын Сбербанк пен Форте банкі толықтырады деп күтілуде.

Бағдарламаға қатысушы екінші деңгейлі банкке кірісін және ипотекалық қарыз бойынша берешегі жоқ екенін дәлелдейтін құжаттармен қоса тұрғын үйі жоқ екені туралы анықтама қағазын, сонымен қатар, сатып алғысы келетін пәтердің құжаттары мен тәуелсіз бағалаушының бағасын ұсынуға тиіс.

Ең бастысы, өз атына тіркелген баспанасының болмауы шарт. Ал жолдасы мен балаларының немесе әке-шешесінің атындағы жылжымайтын мүлкі ескерілмейді, бірақ, банктер әрбір несие рәсімдеушінің осыған дейінгі несие тарихына назар аударады.

Бағдарлама арқылы Астана, Алматы, Ақтау және Атырау тұрғындары 25 млн теңге, ал еліміздің өзге аймақ тұрғындары 15 млн теңгеге дейін несие ала алады. 7 пайыздан аспайтын жеңілдетілген несиенің алдын ала 20 пайызын дайындау керек. Ал ай сайынғы төлем мерзіміне қарай есептеледі. Мысалы, азамат Алматы қаласынан 25 жылға 20 миллион теңгенің пәтерін алды делік. Қаржының алғашқы 20 пайыздық жарнасы 5 млн теңге, ал ай сайынғы төлемі 140 мың теңгені құрайды. Несиені мерзімінен бұрын жабуға болады.

Айта кетерлігі, бастапқыда бағдарлама арқылы тек жаңа үйлердегі пәтерлер ғана сатылады. Екінші деңгейлі пәтерлерді сатып алу бағыты біртіндеп жүзеге асады.

Егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін де барлық мүмкіндіктер қарастырылған. www.baspana72025.kz сайтынан қажетті ақпаратты алуға болады. Сондай-ақ, +7 (727) 227-20-25 тегін нөмірі бойынша call-орталық жұмыс істейді.