Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » БАЛАЛАР ЖӘНЕ ӨРТ

Жаңалықтар

БАЛАЛАР ЖӘНЕ ӨРТ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 09.07.2018
Оқылды: 25 Печать страницы

Балалар – біздің болашағымыз. Біз балалардың өмірі қуанышты болуын,
олар ешқандай қауіп-қатерге ұшырамауын назарда ұстаймыз ба? Ересек адамдар кейде осы жағдайларды естен шығарып алады.

Ата-аналар балалардың отпен ойнауына жол бермеуді ешқашан естен шығармауы керек. Себебі, кенеттен шыққан от кейде ұлғайып жеке адамдардың, сондай-ақ, мемлекеттің мүлкіне зиян келтіріп, шығынға ұшыратады. Кей жағдайда отпен ойнаған кінәлілердің өзі қайғылы жағдайға душар болып жатады. Мұндай келеңсіздіктер көбінде от қауіпсіздігіне немқұрайдылықтан орын алады. Үлкендер тіршілік қамымен жүріп,  балаларды назардан тыс қалдырады. Үлкендер  үйде болмаған кездегі жанып тұрған пеш, газ құрылғылары қауіптің өзі. Ешкімнің қарауынсыз үйде қалған балалар өзінің көңілі қалаған ойындарымен ойнайды. Мұндайда оңайда тұрған сіріңке, шақпақ, электр жабдықтары өте қауіпті. Отпен ойнаған бала шоқ басатынын білмейді. Сондықтан, үлкендер балаларды үйде қараусыз қалдырмауы, балаларға үнемі өрт қауіпсіздігі туралы айтып, түсіндіріп отырудан еш шаршамауы тиіс.

Біз дамыған қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Егер қауіпсіздік шараларына көңіл бөлсек, электр жабдықтары біз үшін еш қауіпсіз қызмет атқарады. Ал үйдегі от жағатын пештің түтін шығатын жолын үнемі тазалап, қақпақтарының толық жабылуын, сол секілді, барлық сақтық шараларын пысықтап отыру – қауіпсіздік кепілі.  

 «Сақ жүрсең, сау жүресің» дегендей, әркім өзінің, өз отбасының қауіпсіздігін қадағалауы керек. 

Қ.Асылбаев, қалалық ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты