Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «ASAR» форумы өтті

Жаңалықтар

Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «ASAR» форумы өтті

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 21.06.2018
Оқылды: 94 Печать страницы
Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «ASAR» форумы өтті

Үкіметтік емес ұйымдар, бизнес және мемлекеттің ынтымақтастығының дамуына жаңа серпін беріп, ынтымақтастықтың маңызды мәселелері талқылайтын «ASAR» ҮЕҰ-бизнес-мемлекет үшжақты ынтымақтастық форумы «Өңірлердің тұрақты дамуына жергілікті қоғамдастықтардың қосқан үлесі» тақырыбы бойынша Талдықорған қаласында өткізілді.

«ASAR» үшжақты серіктестік форумы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құрамдас бөлігі. Жыл сайын ҮЕҰ, бизнес пен мемлекет арасындағы диалог алаңына айналған. Форум жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерді шешуде бизнес, үкіметтік емес сектор және мемлекеттік органдардың күш-жігерін белсенді етуге бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыстардың алға басуына мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы оң ықпал етіп отыр. Бағдарлама аясындағы «Туған жер»  жобасы азаматтар мен ҮЕҰ, бизнесмендерді маңызды проблемаларды шешуге, ұлттық патриотизмді дамытуға жұмылдырады. ҮЕҰ үшін де, бизнес үшін әлеуметтік жобаларда  негізгі серіктес мемлекет екені жасырын емес.

Осындай мақсатта биыл форум Талдықорған қаласында ұйымдастырылды.

Алқалы жиынға 300-ге жуық отандық, халықаралық ҮЕҰ, ірі бизнес құрылымдар, орталық және мемлекеттік органдардың өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.  Сонымен бірге сарапшылар қауымдастығының 13 өкілі келіп отыр. Оның 10 отандық, 3 - шетелдік мамандар.

Форумды  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі  Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова ашты.

«Биыл форумға Алматы облысын таңдап отырмыз. Мұндағы көздегеніміз - ҮЕҰ мен бизнес құрылымның аграрлы өңірде де серіктестік пен әріптестікте жұмыс істеуге мүмкін екендігін көрсеткіміз келеді. Негізгі жоба ретінде - Еңбекшіқазақ ауданындағы жылыжай шаруашылығына еңбек етуге қабілетті тұрғындарды өнімді жұмыспен қамтитын жергілікті қоғамдастықты алып отырмыз»,-деп атап өтті.

Іс-шарада шеберлік сабағы өткізіліп, «Smart Жетысу» оқу-әдістемелік зерттеулері мен  пікірталас отырысы ұйымдастырылды. Қатысушылар ауылды аймақтарды дамыту мәселелерін, жергілікті өзін-өзі басқаруды жоспарлау, ҮЕҰ-ғы заманауи басқаруды өңірлердің тұрақты дамуындағы оның тиімді факторы, «Өңірлерге арналған әлеуметтік бастамалар», «Жергілікті өзін-өзі басқару тұрақты дамудың негізі» және «Жергілікті қоғамдастық және инновация»  сияқты ауқымды тақырыптарды  талқылады.

 «Өмір әр уақытта әр сектордың белсенділігіне мұқтаж. Өйткені әр сектор өзі үшін жұмыс істейді. Бірақ бәрі бірікпеген соң көңіл көншітерлік нәтиже болмайды.  Сондықұтан мен екі күн бойы мұнда келгендер өздеріне серіктес тауып, тың жобаның механизмі мен модельін дайындайды деп ойлаймын. Мен мысалы әріптестеріме Инклюзивті жоспарлаудың жүйесі атты болгарлық үлгіні ұсынамын. Оным осындағылар үшін тиімді болуы мүмкін. Мен де өз кезегінде қазақстандықтардың озық тәжірибелерін еліме алып қайтамын»,-дейді Болгария мемлекетінің «Жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау» қорының сарапшысы Александр Михайлов .

Тиімді болып отырған үш жақты серіктестіктің тиімді үлгісімен «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту» қорының менеджері Татьяна Немцан да бөлісті.

«Елдегі азаматтық секторлар бүгінде аса зор әлеуметтік бастамаларды іске асырып отыр. Еліміз үлкен болғандықтан әр өңірде өзіне тән шешімін күткен мәселелер бар. Соны осындай форумдарда айқындап, үшжақты бірлескен күшпен алға қойған мақсатқа жетуге ықпал етеді»,-деді.

Жалпы форумға 216 өтінім келіп түскен, оның ішінен 141 жоба іріктеліп алынды. Аsarprojects.kz әлеуметтік идеялар платформасында ҮЕҰ-дың осы әлеуметтік жобалары таныстырылды. Соның бірі - "Еңбекшіқазақ ауданы жергілікті қауымдастықтар" қорының жұмысы. 10 жылда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына 600 млн теңге үлесін қосқан қор өкілі, бұл бағдарламалар ауыл азаматтарының дамуына, белсенділігіне оң әсер еткен.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша форумда ҮЕҰ, бизнес және мемлекеттік органдар арасында меморандумға қол қою рәсімі өткізіледі. «ASAR» форумының нәтижесі бойынша 8 құжатқа, оның ішінде ҮЕҰ мен бизнес арасындағы серіктестік туралы 7 меморандумға және Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен «Атамекен» ҰКП арасында серіктестік келісіміне қол қойылды.

 Айта кетейік, екі күнге созылған форумның ұйымдастырушылары,  Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Алматы облысының әкімдігі, «Атамекен» ҰКП және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ болып табылады.